Акцелераттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Акцелераттану (латынша acceleratіo — жылдамдау, үдеу) —

  1. биологияда — организмнің шектен артық тез өсіп жетілуі. Онда организмнің белгілі даму сатысында ұрықтың бір бөлігі тез жетіледі. Мысалы: сүтқоректілердің сүт тісі негізгі тіс жетілгенше соның қызметін атқарады, кейбір балық түрлерінің омыртқа доғасы, қабырғалары шеміршек сатысынан өтпей-ақ, бірден сүйекке айналады.
  2. антропологияда — балалар мен жасөспірімдер бойының тез өсуі мен физиологиялық құрылысының жетілуі. Мысалы: 1930 жылға қарағанда, 1990 жылғы 10-11 жастағы қазақ қыздарының бойы 13 см, дене салмағы 8,9 кг-ға артқан. Акцелераттануға көбіне әлеуметтік жағдай өте күшті әсер етеді. Акцелераттануды түсіндіретін бірнеше ғылыми болжамдар бар (тамақтың сапасының жақсаруы, қоршаған ортаның әсері, әртүрлі аймақта тұратын адамдар арасындағы некенің көбеюі). Акцелераттану барлық елде бар. Бірақ оның көрсеткіштері кішігірім қала мен ауылдық жерге қарағанда үлкен қалаларда жоғарылау болады.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Акцелераттану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}