Айқайық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:52, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айқайық (Malcolmіa) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Еуразияның және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 30-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. Елімізде айқайықтың 9 түрі бар, оның ішінде ең көп тарағандары: Түркістан айқайығы, түкті айқайық, жеміс айқайығы, Африка айқайығы. Олардың биіктігі 5 – 40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша бүтін жиекті, кейде ойық, тісті келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүлшоғырына топталған. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайық – құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айқайық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}