Айып, дәстүр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айып, дәстүр - қазақтың дәстүрлі құдандалық салтында орын алған көңіл көтеру үшін қарсы тарапқа жасалатын міндеттеме «айып» түрі. Аты айып болғанымен, ешқандай құқықтық сипаты жоқ. И.И. Ибрагимовтың зерттеуіндегі айып туралы жинаған жазбаларынан үзінді келтіретін болсақ, құдалыққа барған құдаларды ауылдың әзілкеш, сауықшыл 7-8 әйелдері қоршап алып, жұмбақ айтады. Егер құдалардың ішінде келбетті, әйелдерге ұнайтындай біреу болса, әйелдер онымен әзілдерін де күшейтеді. Айталық, жұмбаққа жауап бере алмай қалса, әлгі құданы шешіндіріп, киіз үйдің ортасына байлап, түрткілеп, шымшылап, ішектері қатқанша күледі. Егер қарсылық көрсетсе, одан да сұмдығын көрсететінін алға тартады. Енді біреуі, өзіне жүктелген міндетті орындамаған құдаға сәукеле кигізіп, бұқаға теріс қаратып отырғызып, ауылды және көрші ауылды аралап шығатын болган. Егер талапты орындамаса тағы бір айып салады. Мұрыны таңкы, көзі соқыр, ұсқынсыз әйелді алып келіп, құдаларға оның бетінен сүюді талап етеді. Қиын айыптарда құдалар тек жақсы сыйлық беру арқылы құтылады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айып, дәстүр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}