Айтұяқ шалу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айтұяқ шалу - Тәңірге жалбарынып, құрбандыққа ерекше нышаны бар жылқы сою. Қазақы этномәдени ортада кез келген жылқыны емес, керісінше айрықша нышаны бар жылқыны құрбандыкка шалу дәстүрі болған. Сондай нышаны бар малды, ай тәңірге құрбандыққа шалғанда, құрбандық қабыл болады деп түсінген. Тіршілігінің түп қазығы төрт түлік малдың тұяғы мен мүйізін табиғаттың өзге құбылыстарына емес, тек айға ғана теңеуі қазақ қауымының айды ерекше құрмет тұтып, одан мал басының амандығын тілеп, табынумен байланысты. Мұндай жағдай олардың тыныс-тіршілігінің әр қырынан байқалады. Мәселен, көшпелілер үшін құрбандықтың ең үлкені айтұяқ және боз қасқа. Өзі ақ, тұяғы ай сықылды жылқы төрт түлік малдың ішінде тәңірлерге, ата-бабалар аруағына бағышталып союға ең лайықты деп саналған және бұл дәстүр сонау сақтар мен ғұндар заманынан жалғасып келе жатыр. «Бекет батыр» жырында итжеккенге айдалған батырды жұбайының іздеп барған соң аман-есен жеткендігінің шүкіршілігі ретінде айтұяқ шалуға бір бие соятындығы айтылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айтұяқ шалу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}