Айна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:40, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айна, о п т и к а л ы қ — беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене.

Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі — о п т и к а л ы қ ж а з ы қ айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар д ө ң е с және о й ы с айналар да қолданылады.
Айна бетінің пішіні математикалық жағынан неғұрлым дұрыс болған сайын, олардың сапасы солғұрлым жоғары болып келеді. Айнаның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығы) жарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керек. Жазық емес айналардың барлығына абберация құбылысы тән. Жазық айна — абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйе. Жазық емес айнадағы дененің орны мен кескіні мына қатынас бойынша анықталады: 1/s + 1/s! = 2/r, мұндағы r — қисықтық радиусы, s — айна төбесінен денеге дейінгі, ал s! — айна төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтық. Бұл қатынас айнаның оптикалық осі мен айнаға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады. Айна астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлік, жарықтандырғыш құралдарда (прожекторларда, фарларда т.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 1-том</ref>

Айнаны ылғал қабырғаға ілсе оның бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Оны тазалап, бетін жалтырату үшін «Акноль», «Быстрый», «Свет», «Нитхинол», «Нитхинол-1» және «Бло», «Миг» концентраттары қолданылады. Кейбір қоспалы өзіңің дайындап алуыңызға да болады: 1 ас қасық ұнтақталған бор (немесе тіс тазартатын порошок) мен 1 ас қасық сірке суын (уксусты) 1 стакан суға қосып, жақсылан араластырады. Осы қоспаны ысытып, одан кейін шамалы уақыт суытып, тұндырады. Содан соң бетіндегі суын төгіп тастайды да, қалған қоюымен айнаны тазалайды. Осындай мөлшерде бор мен мұсатыр спиртінен дайындалған қоспамен де айнаны тазалауға болады. Осыдан кейін айнаның бетін жұмсақ қағазбен сүрту керек.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Айнагеодезиялық және маркшейдерлік аспаптарда жарық сәулесін шағылдыру үшін қолданылатын, беті күміс, алюминий немесе күрделі жарық шағылдырғышпен жабылған жазық параллель тілімше түріндегі оптикалық тетік. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}