Азшылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Азшылық - [minority] - 1930 жылдардан бастап бұл термин нәсілдік, этностық, биологиялықнемесе басқа сипаттарына қарай қаналатын немесе стигмалы әлеуметтік топтар жөнінде қолданылып келген. Мәселен, Луис Вирт азшылық тобына "Өздері өмір сүретін қоғамда тәндік немесе мәдениеттік сипаты салдарынан бөлектеніп, қорлап қарау нәтижесінде басқалардан ерекшеленіп тұратын, өздерін ұжымдық кемсіту нысаны санайтын адамдар тобы" деген анықтама берген. Ал осындай тұрғыдан қаралатын азшьшық тобы іс жүзінде қоғамдағы көпшілікті құрауы мүмкін. Мысалы: Африкадағы қара нәсілділер. Кейінгі он жылдық ағымындағы ең басты зерттеулердің бірі бол¬ған "азшылық" әлеуметтану, демография, статистика, саясат, құқық ғылымдарында белгілі бір орындарды иеленеді. Саяси тұрғыда тарихи дәлелдер мен белгілі бір топтың географиялық кеңістік немесе саяси жүйеге құқықтық арақатынасында көрсетіледі. Сонымен қатар саяси-әлеуметтік тұрғыда билікті бөлу мен материалдық игілікті бөлу жүйесіндегі үстемділік немесе бағыныштылық, дискриминациялық қатынаста анықталады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азшылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}