Азбар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Азбармал қамауға арналған қораның атауы - солтүстік батыс және солтүстік өлкелердегі қазақтар қолданды. Азбарлар төртбұрышты етіліп қыстау үйлерге жалғастырыла салынады. Азбар соғу үшін жергілікті материалдарды қолданылған: өзеннің жағасында орналасқан ауыл азбар соғуға тал шыбықтары пайдаланылған. Қостанай және Ақтөбе уездерінің қазақтары азбарды ағаштан немесе шикі кірпіш соғып, сыртын қамыспен жауып жасады. Бұл өңірлерде азбар соғудың кең үрдіске айналуы қыстың қатты болуымен байланысты. Азбардың төбесі ашық етіп салынғанын жалаңаш азбар, ал төбесі жабылғанын бітеу азбар деп атайды. Бай қазақтардың азбарларының іші мал түріне қарай бірнеше қораға бөлініп, қора қабырғалары ағаштан соғылады. Оның көлемі мал санына карай болады: ең үлкен азбарға 1000-2000 бас қойға дейін немесе 100 бас сиыр, 50-бас түйеге дейін сыйған. Кедейлердің азбарларының көлемі кішірек болып, бір ғана қорадан тұрды. Қыс мезгілінде мал төлін азбарда қалдырмай үй ішінде ұстады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азбар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}