Автоподий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:36, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Автоподий (autopodium; Үлгі:Lang-el — өзім, өздігінен; Үлгі:Lang-la — аяқ, негіз) — қол мен яқтың еркін қозғалатын бөлімінің төменгі бөлігі. Адамда автоподий колбасы және аяқбасы, ал жануарларда алдыңғы аяқбасы және артқы аяқбасы деп аталады. Автоподий өз кезегінде үш бөліктен.

Азиподий

Азиподийден (грек, basis — негіз), (жоғарғы бөліктің) қаңқасын бірнеше қатарда орналасқан қысқа сүйектер: адамның қол қаңқасындағы білезік сүйектері, аяқ қаңқасындағы тілерсек (толарсақ) сүйектері; жануарлардың алдыңғы аяғындағы тізе сүйектері, артқы аяғындағы тілерсек сүйектері құрайды.

Метаподий

Метаподийдің (ортаңғы бөліктің) қаңқасын үзын түтікше сүйектер: адамның қол қаңқасындағы алақан және табан сүйектері; жануарлардың аяқтары қаңқасындағы: алдыңғы және артқы жіліншік сүйектері.

Акроподий

Акроподийдің (грек, akron — аяқ, соңғы) (төменгі бөліктің) қаңқасын: адамның қол қаңқасындағы саусақ сүйектері, жануарлардың аяқтары қаңқасындағы бақай (түяқты жануарларда) және тырнақ (жыртқыш жануарларда) сүйектері құрайды. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}