Автокоммуникация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:52, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Автокоммуникация — өзіндік қарым-қатынас. Ю.М. Лотманның семиотикалық мәдениеттануы шеңберінде қарастырылған ұғым. Коммуникацияда қарым-қатынас Мен басқа арнасында жүзеге асады. Автокоммуникацияда бұл байланыс Мен-Мен тұрғысында жүреді. Бұл процестегі ең басты ерекшелік — Мен-нен Менге ауысқан ақпараттың уақыт бойынша үзілмейтіндігінде (яғни, ол жадыда түйінделіп сақталмайды). Өзіне бағытталған белгілі ақпаратты хабарлау коммуникацияның тылсымдық деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде айқындалады. Мысалы, белгілі бір ақын өзінің журналда жарияланған өлеңін оқып тұр дейік. Мәтін мәдени таңбалар жүйесіне ауысқандықтан, оның мағынасы мен маңыздылығы қосымша құндылықтарға ие болады. Мен-Мен жүйесінде ақпараттың иегері сол күйінде қалады, ал хабар коммуникация процесіңде жаңа мағынаға ие болады. Мен- Мен арнасындағы ақпараттың сапалы өзгеруінің нәтижесінде Меннің өзіндік санасы күрделі трансформацияларды басынан өткізеді. Ақпаратты өзіне беру процесінде алдресат өзінің ішкі мәнін түбегейлі өзгертеді, өйткені тұлға мәнін ондағы қарым-қатынасқа түсуге арналған ақпараттардың түйіні мен шешім кілті деп қарастыруға болады. Ал бұл жинақтық автокоммуникация процесінде өзгеріп кетеді. Автор мәтінді ғана емес, автокоммуникация кезінде мәтін автордың ішкі дүниесінде терең құбылыстар туғызды. Автокоммуникацияда ақпапаттың ұлғаюы, оның құбылуы және қайтадан тұжырымдалуы көрініс береді. Бұл жерде жаңа хабарлар емес, жаңа кодтар енгізіледі және хабар беруші мен оны қабылдаушы тұтасып кетеді. Автокоммуникация процесінде тұлғаның өзі қайтадан жаңғырады. Бұл адам үшін мәнді өзінің жеке болмыстық бітімін аңғарудан өзін тану мен аутопсихотерапияға дейінгі мәдени қызметтері шеңберін арттырады.<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автокоммуникация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}