Абсалық Күнқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абсалық Күнқожаұлы - 1859 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағынды, Ертіс пен Қызылсу өзендерінің тоғысатын жерінде тұрған Орынбай қыстауында дүниеге келген.

Есімі көршілес жатқан ауылдардағы Әріп Тәңірбергенов, замандастары Көкбай Жанатайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Тайыр Жомартбаев сынды ақындармен қатар аталған. Ақын небәрі 53 жыл өмір сүрсе де, өлеңдері ел арасына ауызша кең тараған. Халқымен етене жақын жүріп, оның мұң-мұқтажын жырлаған,озбыр ұлықтарды әшкерелеген. Абайдың өлеңіне ұқсатып "Ат сыны" өлеңі кезінде ұлы ақынның оң бағасын алған. 1936-1937 жылдары Абайдың туғанына 95 жыл толу қарсаңында жасалған М.Әуезов баяндамасы жоспар-тезисінің жетінші бөлімінде, әдебиеттанушы Е.Ысмайыловтың еңбектерінде Абайдың ақын-шәкірттерінің қатарында аты аталады.<ref>«Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясы, «Фолиант» баспасы, Астана,2-ші том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер