Абразия (геология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абразия (латынша: abrasіo -қыру, жону) — мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен Абразияға ұшырауы жиі кездеседі. Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес, сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады. Абразияға теңіз (мұхит) қайраңы да ұшырайды, алайда қайраңдағы Абразия жағалаулық Абразияға қарағанда бәсеңдеу жүреді. Теңіздер мен көлдердегі қайраңдық Абразия ондаған метр тереңдікке дейін байқалса, мұхиттарда бұл процесс 100 метрден астам тереңдіктердегі белдемдерде болады. Абразия түсінігін геологиядағы шайылу ұғымымен шатастырмау керек, себебі, шайылу барысында түп жыныстар емес, тек борпылдақ, болбыр жыныстар бұзылуға ұшырайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Абразия — жай толқындар мен соқпа толқындардың әсерінен мұхит, теңіз, көл және бөген жағаларының жеміріліп жырмалануы. Абразия суқоймаларда ондаған метр, мұхиттарда 100 м және одан да көп терендікке дейін тарайды. Абразияның әсерінен абразиялық жағаның әр түрлі пішіндері пайда болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub