Абдуахаб Төлеутайұлы Жанкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:50, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абдуахаб Төлеутайұлы Жанкин (25.1.1927, Павлодар уезінің Баянауыл ауданы - 12.12. 2004) - Едігеұлы Шоң бидің 6-ұрпағы, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген геолог, республикалық дәрежедегі зейнеткер. 1932 жылы қыр елін жаппай қаусатқан аштық алдында ата-анасымен бірге Батыс Сібірге қоныс аударған. Әкесінің пысықтығы арқасында отбасы ауыртпалық көрмеген. Балалары тиянақты білім алған.

Жанкинның әкесі Абдуахаб Қаныш Сәтбаевтың бала күндегі досы болған. Атақты жерлесіне еліктеген Жанкин Қазақ тау-кен металлургия институтына (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) түсіп, 1951 жылы геолог-барлаушы мамандығын иеленген. Жас маман еңбек жолын Жезқазғанда, «Қазтүстіметалбарлау» тресіне қарайтын Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында бастаған. Халық шаруашылықтарын шұғыл өрістету жоспарына байланысты ауыр өндірістің мысқа сұранысы ондаған есе артқан 1950 жылдары, КСРО үкіметі де Жезқазғанның жер асты қазынасы 11 жеделдетіп және көптеп алуға мүдделілік танытты. Жанкин Сәтбаевты сол қарсаңда іс үстінде көріп, шынайы геологиялық білгірлігіне ерекше тәнті болған.

Жанкин Жезқазған барлау экспедициясында бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін КСРО Түсті металлургия министріне қарасты Геология басқармасында аға геолог, ал 1957 жылы Қазақ КСР Министр Кеңесінің ауыр өндіріс бөлімінде аға референт, бөлім бастығының орынбасары (бас геолог) болып 30 жыл еңбек етіп, 1987 жылы зейнетке шығады. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абдуахаб Төлеутайұлы Жанкин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}