XI — XII ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан моншалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

XI — XII ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан моншалары

Аталған кезенде Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда болды. Олар Орта Азияда сәл бұрын салына бастаған. Үлкен қалаларда моншалар ондап саналған. Шығыс қаласында монша қоғамдык құрылыстар қатарында көрнекті орын алды. Қазба жұмыстары кезінде Отырардың рабадынан XI — XII ғасырлардағы екі монша аршылды. Нашар сақталғанына қарамастан, солтүстік рабад аумағындағы моншаның жоспарлануы жалпы белгілері жағынан анықталды. Монша балшык қабаты төселіп, тегіс- телген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстік бағыты бойынша 11,5 м, ал шығыстан батыс бағыты бойынша 16,5 м, әлем елдеріне қаратып бағдарланған. Жоспарланған негізі крест сияқты етіп алынған. Ортадаты жай жанасатын тұсынан басқа төрт болмемен қосылған. Моншаның ішінде шешінетін, тынығатын кең белмелер, шомылатын залдар, пештің, оттығының үстіне орналастырылған шабынатын бөлмелер болтан. Нақ әлгі төрт бөлме сол міндеттерді атқартан. Моншаның шығыс жатына оттық және су құятын бөшкелері бар бөлме орналасқан. Осы жерден моншаны сумен жабдықтатан құдықтың орны қазып алынды, оның қабырталары күйген кірпішпен қапталтан. Сарқынды су моншадан құбыр жолы арқылы үйдің сыртындағы су сіңіргіш шұнқырта атызылтан. Моншаны қыздыру үшін еденнің астындаты жылу өткізгіш каналдар жүйесі қолданылған. Моншаның жоспарлануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шытыстың моншаларымен ұқсас.

Моншаның оңтүстік жақ жанында тағы бір құрылыс орналасқан, оны кір жуатын орын деп санауға болар. Ол тікбұрышты, екі бөлмелі, көлемі 4x14,5 м. Бір бөлмесінде тандыр пеш орналасқан, қатарынан екі кеспек, бөлме ортасына тагор қойылған. Екінші бөлмеде, солтүстік жақ- таты бұрышында су сақтайтын орын болтан. Оңтүстік және батыс қабырғаларға көлемі 40x40x5 см болатын күйдірілген кірпіш төселген биік сәкілер орнатылған. Құрылысқа жапсарлас көлемі 6 шаршы метр қойма орналасқан, одан екі кеспек табылды.

Отырардың екінші моншасы оңтүстік рабад аумағында, кіреберістен 200 м жерде, бөген жағасына орналасқан және ішінара қазып тазартылды. Оттық және ыстық суға арналған бөшкелер жүйесі аршылды. Қыздыратын ыдыс тікбұрышты етіп жоспарланған бөшке болып табылады, оның қабыр- ғалары мен түбі күйдірілген кірпіштен қаланып, су өткізбейтін бірнеше қабат алебастрсырмен сыланған. Оның ортасына темір қазан орнатылған, оның аузы бөшкенің түбімен деңгейлес, ал түбі мен бүйірлері оттыққа түсірілген. Монша XI — XII ғасырларда салынған деп саналады. Таразда екі монша қазылды. Көлемі 13,4x12,4 м болатын біріншісінің әр түрлі мақсатға пайдаланылатын жеті бөлмесі болтан. Монша ыстық еткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ішкі көрінісінің қалдықтары: сәкілер, орындықтар, астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер — Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Ол XI ғасырда салынған деп саналады". Екінші моншаның орны біріншісіне жақын жерден ашылды. Оның жоспарлануы анықталған жоқ — шағын жері тана тазар-тылды. Монша біріншісі сияқты ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған.

Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұртындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адам ең көп баратын орын болды. Белгілі шығыстанушы И.А. Орбели «Монша және XII ғасырдың сайқымазағы» деген мақаласында моншаны былай сипаттайды:«... бүкіл Шығыстағы сияқты, Кавказда да монша — қала бастығы да, цехтық ұйымдар да, өзі үшін және өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, сонымен қатар күш-қуатты толыстыру, бұзылтан көңіл күйін көтеру үшін, демалу үшін, достармен кездесіп, достық әңгіме-дүкен құру үшін, сатып алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және шахматтан немесе нардтан шеберлік көрсету үшін қызмет етеді». Мон- шалар өзінше бір емдеу орындары да болған. IX — X ғасырлардағы дәрігер Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттей келіп, моншаларды жақсы кескіндемелермен безендіруді ұсынды, ол уайымнан арылтып, қаумалатан қалын ойдан сергітеді, өйткені жуыну хайуандық, рухани және табити залалды қуаттарды әлсіретеді деген. Моншалар, зерттеушілердің топ- шылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, ерте дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. Моншалардың басқа ортадан, атап айтқанда, ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтьшады. Сәндік-қолданбалы өнер орта тасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металла, әсіресе, құрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безенді- ру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Ол көбінесе құрылыс тұрғызылған материалдың өзімен орындалды. Сары топырақты балшық пен ганч сондай құрылыс материалы болтан. Шеберлер тегіс қабырғаны көбінесе кірпішті «қырынан» қалау арқылы жандандырып, белгілі бір суреттер жасаған. Бейнелі қалау осылайша туып, ол кейіннен күйдірілген кірпішке көшірілді. Кірпіштерді тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы суретшілер алуан түрлі өрнекті және жарық әсемдігіне қол жеткізген. Сонымен бірге кірпішті «қырынан» қалау жер сілкінісіне қарсы тәсіл де болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен енгізілді, ол XI — XII ғасырлар шебінде кеңінен қолданылған сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын.

Сәулеттік декордың басқа ешбір саласы ганчка ойып, әшекейлеу сияқты халықтық қолөнерге мейлінше жақын болған емес. Орындалуы көп еңбекті қажет етпейтін ол фактурасының ақ түсі мен әшекейлеп ойылуы жөнінен әсер қалдыратын. Әр түрлі тұрғыдан орындалған ойып-өрнектеу күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызған. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылған, сондықтан сыртқы жақты қаптауға декордың жаңа түрі — оюлы терракота қолданыла бастады. Құрғатылған балшыққа ою-өрнек салып, оны кейіннен күйдіретін ежелгі заманнан белгілі оймыштау тәсілдері сәндік-қолданбалы өнердің осы түрінің дамуына негіз болды.

Қолданбалы өнер

Қолданбалы өнерде керамикаға, терракотаға, оймыштау мен әшекейлеуге жануарлардың әсем бейнелерін салу жалғастырыла берді. Сүйір арқалармен қоршалып, артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы ганч тақтайшалар, аузына бұтақша тістеп, оң жаққа қарай адымдап бара жатқан арыстан бедерлеп басылған терракоталық тақталар ерекше әсер қалдырады, олар X — XII ғасырлардағы Қызылөзен үйлерінен табылды. Жетісудың христиан (сириялық, несториандық) қауымдарының ең көп таралған ескерткіштері XII—XIV ғасырлардағы қабір үстіне орнатылған қайрактар болып табылады, олардың кейбіреулері — каллиграфияның және тас қашау өнерінің үлгілері. Олардан Таяу Шығыстың христиандық дәстүрі және сириялық христиандар, түріктер, ортаазиялық иран тілдес тайпалар мен халықтар мәдениетгерінің өзара байланыстары айқын көрінеді. Орта ғасырлардағы Қазақстан халқының материалдық мәдениетінің, көркем шығармашылығының ескерткіштерін қарастырған кезде қазақ халқы ата-бабаларының қолданбалы өнерде, құрылыс пен сәулет өнерінде айқын керінетін материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөліктерін байқауға болады.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>