XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капитализмнің дамуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

  • аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;
  • ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
  • ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
  • тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:

  • қалалар мен темір жолдар салынды;
  • тауар-ақша қатынастары дамыды;
  • көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.

Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.

Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.

XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.

Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.

Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.

Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында РязаньОрал, СамараОрынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.

XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.

Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.

Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

  • қозғалмалы айырбас саудасы,
  • маусымдық жәрмеңкелер,
  • тұрақты сауда.

Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.

Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.

XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды.

Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.

Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.

Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.

Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады.

Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Санкт-Петербург келісімдері негізінде жандана түсті.

Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Катонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.

Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның сипаты және ерекшеліктері

Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.

Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмола уездерінде жедел дамыды.

Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.

Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.

Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.

Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.

1900 жылы Ақмола облысында кәсіпшіліктерге барып жұмыс істейтін қазақтар 12 мыңға жетті, ал Торғай облысында бүкіл шаруашылықтар санының 50%-ы шетке барып жалданатын болды. Бұл кәсіпшіліктерге көбіне кедейленген қазақтар мұқтаждықтан жалдануға мәжбүр болды.

Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық аулау көсіпшілігі болды.

Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды.

Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі.

Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтай өңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан.

1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 18541860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды.

Қарағанды кемір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты — осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды.

Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді.

Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.

1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды.

Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз — Ермак темір жолын осы 1899 жылы ұйымдасқан "Воскресенск кен өнеркәсібі" акционерлік қоғамы салды. Бұл қоғамның негізгі акционерлері Деров, Бродский, Викторский, Смирнов және басқалар. Қоғамның жоғары басқармасы Киевте орналасты. Қоғам бес жылға (18991903 жылдары) жуық, 1903 жылғы дағдарысқа дейін емір сүрді. 1913 жылы барлық зауыт кеніштері, Екібастұз көмір бассейні және темір жол бар дүние-мүлкімен ағылшын-француз капиталистерінің қолына өтті.

1914 жылы Лондондағы Орыс Азия корпорациясы ағылшын миллионері Л.Уркварттың басшылығымен екі кен өнеркәсібі акционерлік қоғамын негіздеді: "Қырғыз (Екібастұз) кен өнеркөсібі акционерлік қоғамы" және "Риддер (Лениногорск) кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы".

Лесли Уркварт және оның компаниясы қарамағында сол кезде Оралдың түсті кен әндірісі ошақтары болды. Британ қаржы олигархиясының аса ірі екілі Л.Уркварт басқарған ағылшын-американ кәсіпкерлері аса бай Кенді Алтай және Екібастұз өңірінде ескі кәсіпорындарды қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуға кірісті.

19141915 жылдары Риддер кен байыту фабрикасы іске қосылды. Оларда байытылып қайта өңделген мырыш және қорғасын концентраттары ұзақ жол жүріп Екібастұзға жеткізілді. Екібастұз көмірі мен коксінде олар балқытылған металға айналды.

Қазақстан өнеркәсібі дамуының жалпы сипаттамасы

Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыды. Сауда операцияларынан көп пайда түсетін болғандықтан, орыс және жергілікті буржуазияның ауыр өнеркәсіпті дамытуға ынтасы болмады. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп ірі капиталды қажет етті. Дегенмен өлкеде көмір, мұнай, мыс кендерін өндіретін кәсіпорындар ашылды.

Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30—40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты.

Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұз көмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.

XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Зыряновск түсті кен орындарына қожалық етті. Атырау ауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.

Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты.<ref>Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Kz-hist-stub