WikiLeaks

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Сайт «Уикиликс» 2007 жылы негізі қаланған уики-қозғағышы негізінде MediaWiki, Freenet, Tor және PGP технологиялары негізінде беймәлім бола тұра мақала жазып, салуға болатын әлеуметтік жүйе, тор беті. Уикиликс сайты 2009 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігінің мыңдаған құпия құжаттарын жариялаған еді. Аустралиядағы «Сидней бейбітшілік қоры» осы елдің азаматы, «Уикиликс» интернет сайтының негізін қалаған Жулиан Ассанжды «құқық қорғау саласындағы қызметі» үшін «Сидней бейбітшілік сыйлығымен» марапаттады. Швеция билігі «әйел зорлаған» деген айып бойынша Жулиан Ассанжға қарсы қылмыстық іс қозғаған.

Сурет:Julian Assange (Norway, March 2010).jpg
Жулиан Ассанж, торбет авторы және редакторы сөз сөйлеуде, 2010 жыл, Наурыз, Норвегия

Ол сайтта жазылған материалдар ең шынайы деп есептеледі ,Ауғандағы соғыс туралы,тағы да көптеген фактілер жазылған. «Уикиликс» сайтына американың 270 елшілігінің 300 мыңдай құпия құжатын жариялап жіберген еді. Бұл ашық айтылмаса АҚШ пен өзге мемлекеттер арасындағы байланысқа бірақ сызат түсіргені рас. Тіпті, ассанждың әрекетін террорлық қылмыс деп балағандар да болды. АҚШ билігі Асанжға қарсы әлі нақты айып таққан жоқ. Бірақ істің мән-жайы тексеріліп жатыр. Кейбір ақпарат құралдары америка билігі оны өлім жазасына кесу мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.<ref>[1] Джулиан Ассанж Швецияға экстрадицияланады.</ref>

2010 жылы 29-қарашада WikiLeaks-та мемлекеттік департаменттің барлығы 250 мыңнан астам құпия файлы жарияланған. Көптеген елдер, соның ішінде Ресей Wikileaks-та ақпаратты АҚШ әдейі жариялатты деген пікірде. Дегенмен, Джулиан Ассанжды жалғыз күнде жаһанға мәшһүр еткен бұл оқиғаның астарында үлкен саяси ойын жатуы да мүмкін. Себебі, қалай дегенмен енді Wikileaks-та аттары аталған елдердің Америкамен қарым-қатынасы бұрынғыдай болмайды.<ref>[2] WikiLeaks-тағы шындық шымбайға батты.</ref>

Әлемдік саяси қатынасқа әсері

WikiLeaks-та жұртқа жария болған дипломаттардың ішкі хат-хабарларында көптеген елдердің басшыларының аты аталып, әжуаға да айналған.

Әсіресе Қытай мен Ресейдің басшыларына қатысты тұстары әлемді елең еткізді. «Альфа-еркек» атанған Путин шарт кетіп, «ынжық» деп ишарат етілген Медведев мөңкіп алды. Путин досының сойылын соғып Уго Чавес жүр шапқылап. Тіпті, біздің премьер-министрдің де қоластындағыларды ертіп дискотекаға барғаны айтылып өткен.

WikiLeaks-тың әуресі алдымен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды шаршататын болды. Ол алдағы бірнеше апта бойы ондаған мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы тілдесіп жария болған ақпараттарға түсініктеме береді.

Қазірдің өзінде ол бірталай елдің басшыларымен хабарласып АҚШ мемлекеттік департаментінің құпия құжаттарында айтылған әңгімелер жайлы өз ойын білдіріп, сабырға шақырыпты. Ол Пәкістан, Аргентина, Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ауғанстан, Канада және Саудтық Араб басшыларымен тілдескен.

WikiLeaks-та аты аталған елдердің көпшілігі жария болған ақпараттар АҚШ-пен араларындағы қарым-қатынасқа салқынан тигізбейді деп мәлімдеп отыр. «Шабыңа түртсем де шамданба» деген ызғарды сезген болар.

Дегенмен, шындық шымбайына батқан азулы елдің басшылары мен ақиқаттан алыс кетіп намысқа тиген сөзге шамырқанғандардан кешірім сұрауға тура келіп отыр. Мәселен, Клинтон ханым Түркия басшысы Тайып Ердоғаннан кешірім сұрады.

Құпия мәліметтерді жариялауға маманданған Wikileaks-тың көріп жатқан қысымын әлемде өзге ешбір компания басынан кешіріп көрмеген болар. Барлық танымал хостингтер ол сайтпен жұмыс істеуден бас тартты. Шетелдіктердің дипломатиялық қысым көрген әрі швеция қыз зорлады деген айыппен іздеу жариялағандықтан Австралия билігі Wikileaks-тың иесі Джулиан Ассанжға қатысты қылмыстық іс қозғады. Дегенмен, Wikileaks-тың иесі бүгін өзі барып Ұлыбританияның құқық қорғаушыларымен кездеспекші.

Ал, Американың мемлекеттік департаментінде басталған әбігер біразға созылатын секілді. АҚШ басшылығы Wikileaks-та аттары аталған елдердегі өз елшілерін кері қайтарып алатындарын мәлімдеді. Себебі, олар үшін одан әрі елшілікте жұмыс істеу тек мүмкін болғанымен, қорқынышты болып отыр.

АҚШ дегенмен айылын жиятын емес. Медведев айтқандай, Wikileaks-та айпара болған ақпараттар АҚШ-тың өзгелерге деген көзқарасының қандай екенін көрсетеді. Оны өздері ашық мойындап отыр. Кері қайтарып алатын дипломаттры туралы жылы лебіздерін Обаманың әкімшілігі былай білдіреді – «Бұл тұстағы тағы бір қиындық – өздері жұмыс істеп жатқан елдегі барлық шындықты жеткізіп отырған ең жақсы дипломаттарымызды кері қайтарып алуымыз болып отыр».

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commonscat