WWOOF

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:27, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:WWOOF Қазақстан.jpg
WWOOF Қазақстанда

WWOOFing (Working Weekends on Organic Farms) - ауылдық жерлерде волонтерледің орналасуы мен фермаларға көмектесуді көздейтін агротуризм бағдарламаларының жиынтығы. Алғаш рет 1971 жылы Ұлыбританияда волонтерлер фермаға тегін бір апта көлемінде көмектесуінен пайда болған. Ұсынылатын көмекке қабылдаушы тарап тегін тамақтануы және баспана ұсынады. Ұйым алғашқыда органикалық фермалардағы жұмыс апта-аяғы/уик-эндтері/weekend деп аталды, бірақ 1982 жылы адамдар ”неге тек апта-аяғында/уик-эндерге ғана?” деген сұрақ көтергеннен кейін - органикалық фермалардағы келіскен жұмысшылар деген атқа ауысты. Wwoof-тың философиясы осы сияқты біркелкі, Wwoof иелері саяхатшылар және студенттерді ас-сумен және баспанамен қамтып, ол үшін фермада көмек беру арқылы алмасу болып табылады.

WWOOF ұйымдары бар мемлекеттер

Қазіргі таңда 56 мемлекетте ұйымы бар:<ref>WWOOF шетелде </ref>

WWOOF туралы

Бүгін Wwoof-тың әлемнің түпкір-түпкірінен келген 23 тобы жиналды. Барлық топтар тәуелсіз, бірақ, олар адамдарды бір-бірмен байланыстыра отырып, өзара ұқсас тәсілмен жұмыс істейді. Wwoof-тың философиясы осы сияқты біркелкі, Wwoof иелері саяхатшылар және студенттерді ас-сумен және баспанамен қамтып, ол үшін фермада көмек беру арқылы алмасу болып табылады.

Ауыл шаруашылық туризмі бұл - ауылдағы белсенді демалыс. Белсенді демалыс – яғни, қар тазалау, мал мен құсты суару және жемдеу, мал бағу, қора тазалау, ағаш жару, жылы үйшікте жұмыс істеу, жер қазу, өсімдік суару және отырғызу, саз-балшықтан құрлыс жасау, құдық қазу және т.б. шаралар/жобалар. Басқа елдерде де ауыл шаруашылық туризмі бар. Жүздеген фермалар шет елдердің түпкір-түпкірінде орналасқан. Саяхат және сапарлардың алуан түрлілігі. Бұл - туризмнің жолы және ол күнделікті бірізділктен алыс. Яғни әртүрлі жерлеріндегі адамдармен, әлеуметпен және мәдениетпен таныса отырып, көптеген маңызды тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Денсаулыққа пайдалы тамақтануға және табиғат туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Алмания, Жапония, Канада, Америка, Корея, Франция - елдерінде ауыл шаруашылық туризмі жоғары дамыған. Қазақстанның да ауыл шаруашылығы осы мемлекеттердегідей жоғары денгейде дамыған. Ол ауыл шаруашылық туризмің дамуына көп мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық туризмі, агротуризм - бұл экологияға қолдау көрсету және ауылды көру мүмкіндігі, жаңа адамдармен, олардың өмір сүру салтымен танысу.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім талап етілмейді, бірақ оқуға деген құштарлық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тақырыбына деген қызығушылық және белгілі бір уақыт аралығында ауыл салтымен өмір сүруге дайын болуы керек.

Wwoof багдарламасы арқылы Қазақстанға әртүрлі мемлекеттерден cаяхаттауға және көмектесуге туристер келеді. Олар ауылдарда, елді мекендерде тұрады. Кейде қала маңында. Саяхатшылар ауылдарда дүйсенбіден сенбіге дейін күніне 6 сағат көмектеседі, жексенбі демалады. Саяхатшылар қабылдаушылармен бірге ауылда тұрады (мысалы ғимаратта, сарайда,палаткада, шатырда, жеке бөлмеде) және күніне 3 рет ас-сумен қамтамасыз етіледі – көмегінің өтеуі ретінде.

Ауыл шаруашылық туризмі аркылы туристер шетелге бара алады. Әр мемлекетте тәуелсіздік WWOOF ұйымы арқылы бағдарламаға тіркеу жасау керек. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттерге виза керек емес. Немесе туристік визаны алу керек.

Қазақстанға да туристер Алманиядан, Франциядан, Швецариядан т.б. елдерден келеді. Олар Қазақстанның ауылдарында көмек көрсетеді және Қазақстан өмірімен таныса алады.

Кез келген қатысам деген кісілерге, бақшада тәжірибеленуге енді мүмкіндік бар. Мамырдан бастап қыркүйекке дейін Қарағанды ауданында, айына екі рет демалыс күндері WWOOF Weekend бағдарламасы аясында осындай мүмкіндік пайда болды. WWOOF Weekend таңғы сағат 8 A.M басталады да күндізгі 1 P.M. сағатқа дейін жүргізіледі. Тегін тамақтану даярланады. Қатысушылар тіркелуі – Meetup сайты арқылы.

Дереккөздер

<references/>


Сыртқы сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:WWOOF|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}