VII-XX ғасырлардағы ауыл шаруашылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қала мен отырықшы тұрғындар өмірінде егіншілік пен мал шаруашылығы маңызды рөл атқарды. Отырықшы тұрғындар дәнді дақылдардан - бидай, тары өсірді, жүзім, бау-бақша өсірумен айналысты. Егіншілік суармалы және тәлімі түрінде болды. «Талас аңғарында, — деп атап көрсетеді VIII ғасырдың орта шенінің шежірешісі, — үшінші айдан тоғызыншы айға дейін жаңбыр болмайды, ал егістікті суару үшін қар суы пайдаланылады. Мұнда арпа, күріш, бұршақ және атбас бұршақ әседі. Тұрғындар жүзім мен қарақурай шараптарын және айран ішеді».

Суландыру жүйесі

Ертедегі суландыру жүйесі қалдықтарын зерттеу Сырдарияның орта және төменгі ағысында алдыңғы орта ғасырлар кезеңіне жататын дамыған суландыру жүйелері болғанын көрсетеді. Отырар алқабында сумен жабдықтаудың негізгі көзі Арыс суларына негізделіп, VII — IX ғасырлардағы барлық арықтар содан шығарылған. Отырар алқабының қалалары мен қоныстарын сумен қамтамасыз еткен ірі-ірі Көк-Мардан және Саңғыларық су жүйелерінің қалдықтары сақталған.

Көк-Мардан су жүйесінің қалдықтарын зерттеу мұндағы суландыру ісінде дағдылы «реттелмелі» арналар әдісімен бірге бөгесінді ирригация әдістерінің де болғанын көрсетті. Судын ағуы үшін Арыстың бөгет салынған салалары пайдаланылғыш, содан ұзындығы 100—400 метрге дейін жететін арықша қазылған. Негізгі Санғыларық арнасы Арыстың жағасындағы қазіргі Қызылту ауылының оңтүстік-шығыс жағында 1,5 шақырым жерден бастау алған. Қосарлас екі бөгет түріндегі басты құрылыстың қалдыктары сақталған. Арнаның 2 шақырым ұзындығы анықталды, жалпы ұзындығы кемінде 20 шақырым болған ол Отырар, Пышақшытөбе, Құйрықтөбе, Алтынтөбе және Марданкүйік қалаларына су жеткізген. Сол кезде суармалы жердің жалпы көлемі алқапта 6 мың гектарға дейін ұлғайған.

Отырар алқабы

Отырар алқабының қалалары мен қоныстарының орындарын қазған кезде тары, бидай, арпа, асбұршақ дәндері, алма, өрік суйектері табылды. Қоймалардағы улкен кеспек ыдыстар мен қыш көзелерде тамақ пен су қорлары сақталған. Мардан күйіктегі VII—VIII ғасырларда өртенген бір үйдің қоймасынан қызықты олжалар табылды. Жеті кеспекте куйіп кеткен бидай, ал сегізіншісінде мақта қауашақтары болды. Қойманың еденінде күйіп кеткен алма шашылып жатты. VII ғасырдың басындағы автордың айтуынша, Шу аңғарында «егін өсіретіндер мен табыс табатындар (сауда жасайтындар) тепе-тең» болған.

Тараз

Таразды, Қызылөзен қаласының жұртын казған кезде оріктің, жүзімнің сүйектері, қарбыз бен қауынның тұқымдары, бидайдың, тарының, күріштің дәндері табылды. Астықтың, бау-бақша дақылдары тұқымдарының табылуы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысу қосымша кәсіп болғанын дәлелдейді.

Жүзім өсіру және шарап ендірісі туралы мәлімет беретін қақпақтың фрагменті табылды. Қызылөзен және Новопокровск қалаларының орындарынан табылған қыш көзелердің жиектеріндегі соғды жазуларына қарағанда, Жетісуда шарап құйылған бұл ыдыстар сыйға тартуға арналған. Жазулардың бірінде былай делінген: «Бұл ыдыс — Пакап қауымының тартуы. Бұл шарапты шат кезінде іш, алдияр... Құдай бақыт берген Алып-Білге тақсыр бақытты болып, рахат көрсін!». Құлан қала жұртынан VII — VIII ғасырлардағы шарап ашытатын орынның қалдықтары табылды. Шеберхана ауланың тұрғын үй кешені орындарының біріне орналасқан және бірнеше құбырмен жалғасқан жемісті сығу алаң қайларынан тұрған, олардан жүзім шырыны құдыққа аққан шырын сонда тұндырылып, тазартылған да, сонан соң ыдыстарға құйылған. Осында қайнатылған жүзім шырыны — бекмес дайындалған. Шарап ашытатын орын Талас аңғарындағы Төрткөл (Төменгі Барсхан) қаласының орнынан да табылды. Қалалар мен ауылдардың тұрғындары егіншілікпен қатар ірі қара мен қой- ешкі, жылқы, түйе өсіріп, олар шаруашылықта кеңінен пайдаланылған.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3</ref>

Дереккөздер

<references/>