Type 89 (миномёт)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тип 89 (八九式重擲弾筒) - екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қолданылған жапондық 50-мм миномет. 1929 жылы жасалған. Жапондардың өзі бұл қаруды граната атқыш ретінде қабылдады. 50-мм миномет деп олар "Тип 89" қаруын атады. "Тип 89" - құрылымы жағынан классикалық миномет. Бірақ оны миналы өрістер мен сым қоршауларды саперлер қолданды.

Бұған ұқсас алғашқы құрылғы - "Тип 10" қаруын жапондар 1921 жылы әмбебап 50-мм гранатамен қатар жасаған. Оны қолмен де, винтовкаға салып та атуға болады. Дегенмен граната атқыш минометтер винтовкалық граната атқыштарымен салыстырғанда барынша сапалы, болашағы зор саналды.

Батыс елдерінде "Тип 89" қаруын "аяқ немесе тізе монометі" деп атайды. Ол минутына 25 оқ атады. "Тип 89" - аталатын қаруды дайындаудағы жаңа кезеңнің жемісі. Оның салмағы 2.6 келіден 4.7 келіге дейін артты. Қуаты күшейтіліп, алыс қашықтыққа атуға арналды. Оқпаны 240 мм-ден 248 мм дейін ұзартылды.<ref>1100 қызықты деректер</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер