Ninety One

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:40, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Музыкалық топ Ninety One немесе 91 (Үлгі:IPA, Үлгі:Lang-kk) - JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мүшеден тұратын қазақстандық бойс-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ k-pop жанрынан бастау алып, q-pop (qazaq/қазақ-поп) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Тарихы

2015: Айыптама әнімен дебют алуы

Ninety one тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z. бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM-Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазан айында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халыққа көрсетілді. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанып, 31 наурыз күні топқа Gakku TV арнасының арнайы сыйлығы табысталды<ref>Ninety One-ның алғашқы жетістігі. Gakku Top Ten шеруінде түбегейлі өзгеріс!</ref>. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-албомы жарық көрді. Альбомның презентациясы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтсе, 8 желтоқсан күні Астана қаласында «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінде өткізілді.

2016: Қайтадан

2016 жылдың 3 ақпанында Ninety One тобының «Айыптама» альбомы «Apple Inc.» компаниясының iTunes медиаплееріне енгізілді<ref>Aiyptama - EP in iTunes</ref>. 2016 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында топтың «Қайтадан» әніне кезекті бейнебаян жарыққа шықты, ал 5 маусым күні Астана қаласында клиптің тұсаукесері өтті. Бұл бейнебаян да Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы 1 орында тұрып кезекті «Gakku Top Ten» арнайы сыйлығын иеленді. Осы жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өнерлеріне 1 жол толуына орай жеке концерттерін берді. 2016 жылы топ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында өзінің жеке концерттерін, ал 23 шілде - 5 тамыз аралығында Қытайда өткен Орда тобымның жеке концертіне қатысты.

Топ атауы

Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді.

Сын

Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев сынды халық әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалуына жергілікті асабалардың қарсы шығуы да себепші болған-ды.

Топ мүшелері

Лақап аты Шынайы есімі Туған күні Туған жері Топтағы орны
A.Z. Азамат Байболатұлы Зенкаев 28 қыркүйек 1993 жыл Үлгі:Байрақ, Атырау Топ көшбасшысы, рэпер
ALEM Малік Батырхан Абайұлы 18 ақпан 1993 жыл Үлгі:Байрақ, Үшқұдық Вокалист
ACE Азамат Қайратұлы Ашмақын 29 тамыз 1993 жыл Үлгі:Байрақ, Алматы Вокалист, жетекші биші, топ келбеті
ZaQ Дулат Болатұлы Мұхаметқали 8 ақпан 1996 жыл Үлгі:Байрақ, Семей Хореограф, рэпер
BALA Данияр Ақылбайұлы Құлымша 19 ақпан 1998 жыл Үлгі:Байрақ, Ақтөбе Вокалист, топтың кенжесі

A.Z

Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ көшбасшысы, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS" жобасының жеңімпазы.

ALEM

Батырхан Абайұлы Малік — топ вокалисті, 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай финалисті. Барселона (Испания), Берлин (Германия) және Ресей қалаларында өткен халықаралық конкурстар лауреаты.

ACE

Азамат Қайратұлы Ашмақын — топ вокалисті, биші, 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Інісі бар. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Оңтүстік Кореялық продюсерлік SM Entertainment (Үлгі:Lang-ko) атты музыкалық агенттік аясында 2012-2015 жылдары Корея Республикасында білім алып келген. Сондықтан қазақ және орыс тілдерінен бөлек корей тілін біледі. Мистикалық және эзотерикалық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

ZaQ

Дулат Болатұлы Мұхаметқали — хореограф, рэпер, 1996 жылдың 8 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Үржар ауданы Үржар ауылындағы "Ілияс Жансүгіров" атындағы орта мектепте 11 жыл оқыған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы.

BALA

Данияр Ақылбайұлы Құлымша — топ вокалисті, 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Сурет салғанды ұнатады. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің 1 курс студенті. «Brotherhood» аспапты тобының бұрыңғы мүшесі.

Фан-клуб

Топ фан-клубының аты - EagleZ. «EagleZ» ағылшын тілінен аударғанда "қырандар" деген мағына білдіреді. Бұл атау топтың атымен тығыз байланысты. Топ мүшелері жанкүйерлерін еркін, биіктегі қыранға теңейді. Жігіттер өздерінің талантымен тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Украина, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Канада, Қытай және басқа мемлекеттерде әйгілі болып, EagleZ-дың саны көбеюде. Шетелдік жанкүйерлер бейнебаян және видеоларына реакция түсіріп, әлеуметтік желілерге жіберіп отырады.

Дискография

Синглдер

Ән аты Шыққан күні Альбом
Айыптама 01.09.2015 Мини-альбом "Айыптама"
Қайтадан 26.01.2016 Мини-альбом "Айыптама"
Қалай Қарайсың 10.02.2016 Мини-альбом "Айыптама"
Қайырлы түн 02.06.2016 Мини-альбом "Айыптама"
Ұмытпа 02.06.2016 Мини-альбом "Айыптама"
Lady 02.06.2016
У 04.09.2016
Бүгінгі күн 04.09.2016
Ля (A.Z. & ZaQ) 04.09.2016

Альбомдар/Мини-альбомдар

Альбом/Мини-альбом Ақпарат
1. Мини-альбом "Айыптама" Презентациясы 2015 жылдың 1 желтоқсанында өтті (Алматы қаласы), 17 желтоқсан (Астана қаласы)

Видеография

Бейнебаяндар

Аты Шыққан күні
1. Айыптама 8.10.2015
2. Жаңа Жылдық құттықтау (Бол бізбен бірге) 31.12.2015
3. Қайтадан 02.06.2016
4. Қалай қарайсың? 12.12.2016

Ninety One SPACE

Ninety One SPACE - топтың күнделікті өмірі жайлы бейне-күнделік.

Ninety One SPACE (N.O.S.) Шыққан күні
N.O.S №001 31.01.2016
N.O.S №002 20.02.2016
N.O.S №003 08.03.2016
N.O.S №004 20.03.2016
N.O.S №005 14.11.2016
N.O.S №006 01.12.2016
N.O.S №007 31.12.2016
N.O.S №008 13.02.2017

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Cілтемелер

Үлгі:Ninety One