Neo GSM

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:18, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Neogsm logo.png
Neo GSM логотипі

Neo GSMұялы байланыс қызметін GSM 900 стандартында көрсететін «Мобайл Телеком-Қызмет» қазақстандық ұялы байланыс операторының бренді. Ол Қазақстанның ұялы байланыс нарығына 2007 жылдың ақпанынан бастап шықты.<ref name="Neo">Үлгі:Cite web</ref> 2010 жылы «Мобайл Телеком-Қызмет» ұялы байланыс операторынан осы брендті шведтің Tele2 телекоммуникациялық холдингі сатып алған, бірақ кейіннен белгілі себептермен бұл брендтен бас тартты.<ref name="yvision.kz">Үлгі:Cite web</ref>

Компания

Neo GSM ұялы байланысының желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларын қамтиды. Компания ұжымы кәсіби жас буыннан құралған.

Олар өз абоненттеріне арналған жолдауы «Сәлем, бұл Neo!» деген сөзден басталады. Сонымен қатар, «Сәлем» сөзі компания ұранына айналған.

Компания өз абоненттерімен байланысу үшін қазақ тілін қолданады, яғни басты тілі де осы болып саналады.<ref name="Neo"/>

Сатып алу

2009 жылы Tele2 Қазақстандық үшінші «Мобайл Телеком-Қызмет» (Neo бренді) GSM-операторының акцияларының басым бөлігін (51%) сатып алды.

Tele2 жергілікті Neo ұялы операторын сатып алғаннан кейін, брендтің атын өзгерту туралы сөз қозғамаған. Компания өкілдерінің айтуы бойынша бұл бренд нарықта бірнеше жыл болған, және сапасы айтарлықтай жақсы болмаған. Талдаудың нәтижесінде Neo атауын бiртұтас еуропалық бренд Tele2 атауына өзгерту туралы шешім қабылданды.<ref name="yvision.kz"/>

Дереккөздер

<references/>