NASA X-43

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:42, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

NASA X-43 - әлемдегі ең жылдам ұшатын әуе көлігі. Бұл ұшақты 10 жыл көлемінде NASA, Orbital Sciences Corporation, MicroCraft Inc құрастырушылары мен инженерлері жасаған. Және оның құрастырылуына 250 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Егер дыбыс жылдамдығы 340, 29 м/с деп есептесек, одан X-43A 9,6 есе артық жылдамдықпен ұшқан.

Тарихы

X-43A ұшағы әуе кеңістігінде 2001 жылдың 2 маусымында тексерілген. Алайда, ұшақтан қателіктер табылып, ұшу кезінде апатқа ұшыраған, оның қалдықтары Тынық мұхитының түбіне кеткен. 2004 жылы 27 наурыз күні сынақ алаңынан X-43A сәтті өтті. 2004 жылы 16 қарашада Николай аралынан Тынық мұхитына дейін 11 230 км/сағ жылдамдықпен ұшып өткен. Нәтижесінде, жаңа рекорд орнатылып, Гиннес рекордтар Кітабы NASA ғарыш агенттігіне Guinness World Records сертификатын табыстаған.

Жалпы анықтама

Ұшақ қанаттарының құлашы – 1,5 метр болса, ұшақтың жалпы ұзындығы – 3,6 метр. Scramjet (Supersonic Combustion Ramjet) атты тәжірибелік тура нүктелі әуе қозғалтқышы арқылы жұмыс істейді. Оның артықшылығы: қозғалтқышта үйкелетін бөлшектер жоқ, сутегі мен оттегінің қоспасы қозғалтқышты оталдыратын отын ретінде қолданылады. Өзге ұшақтардың жанармайлары секілді бұл ұшақтың отыны арнайы бактарда сақталмайды, отын ретінде қолданылатын оттегіні атмосферадан алады. Атмосферадан алынған оттегі өзінен улы қалдықтар шығармайды, ол су буына айналып отырады. X-43A ұшағын жасаудағы мақсат – гипердыбысты, турбореактивті қозғалтқыштың баламасы негізінде жаңа технологиялардың мүмкіндігін анықтау. Ғалымдардың ойынша, бұндай гипердыбысты ұшақтар келешекте Жер шарының кез келген нүктесіне 3-4 сағатта жетіп алады екен.<ref> Әлем рекорды NASA — Hypersonic X-43A Takes Flight</ref>.

Сипаттама

X-43A ұшағына қысқаша сипаттама: Түрі – тәжірибелі ГҰА (гипердыбысты ұшу аппараты) Қанаттарының құлашы – 150 мм. Ұшақтың ұзындығы– 366 мм. Биіктігі – 60 мм. Салмағы – 1270 кг. Қозғалтқыш саны – 1. Ұшу қашықтығының шегі – 30 км.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер