Kicker Sportmagazin

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«kicker Sportmagazin» (әдетте kicker) – футбол тақырыбындағы мақалаларды жариялайтын, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері жарық көретін немістің спорттық журналы. <ref>«http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=Kicker&oldid=34394428»</ref>.

1992 жылы Германиядағы футбол пионері Вальтер Бенземан негізін қалаған.

2009 жылғы деректер бойынша, дүйсенбі күнгі сатылымға түсетін журнал орта есеппен 250 000 мың дананы құраса, ал бейсенбі күнгі сатылым 220 000 дананы құраған. Редакция алқасы жыл сайын Германиядағы спорттық жарыстардың қорытындысын жариялайтын, жылына бір рет жарық көретін «kicker Almanach» басылымын шығарған.

Басылым 1937 жылы жарыққа шығып, алайда екінші дүниежүзілік соғыстағы жойқын әскери қозғалыстан кейін өз таралымын тоқтатқан. Ал 1959 жылдан бастап «kicker Almanach» әр жыл сайын жүйелі түрде жарық көріп келеді.

Бас редакторы: Клаус Сментек. «Olympia-Verlag GmbH» баспасынан жарық көреді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}