Instagram

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:18, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Сайт

Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар<ref name=nov2010>Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын қолданады.

Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жайылады<ref name="Engadget">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

Тарихы

Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады.<ref name="quora">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref><ref>Успех Instagram. Самый полный материал с комментариями от первых пользователей</ref>. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды<ref name="igoct2010">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

Қосымша жарыққа шыққаннан біраз уақыт өткеннен кейін командаға Джош Ридель қосылды. Сол жылдың қарашасында Шейн Суини инженер ретінде, 2011 жылдың тамыз айында Джессика Золлман ИТ евангелист ретінде қосылды.<ref name="TC2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref><ref name="AW2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref><ref name="IGblog2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылды<ref name="igjan2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы шықты<ref name="igsept20112">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>. Ал 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шықты және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам адам жүктед<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялады. Сол жылдың 25 маусымында қосымша 2.5.0 нұсқасына жаңартылды.<ref>Facebook раскрыл подробности сделки по покупке Instagram</ref>.

2012 жылдың тамыз айында Instagram да бір секундта 575 Like басылып, 81 комментарий жазылды. Instagram-да қолданушылар айына орта есеппен 257 минут отырған<ref>Instagram в СоцКаталоге</ref>.

2013 жылдың сәуір айында Instagram қолданушыларға фотода өздерін, достарын белгілеуге, фото түсірілген жерлерді белгілеуге мүмкіндік беретін функцияны қосқандарын жариялады<ref>Instagram предоставил своим пользователям новые возможности</ref>.

2013 жылдың маусымында Instagram-да 15 секундтық видео қою мүмкіндігі пайда болды.

2013 жылды 21 қарашада желінің Windows Phone 8-ге арналған нұсқасы шықты.

2015 жылдың наурызында брендтерге өздерінің фотогалереясын ашуға болатыны мәлім болды<ref>Instagram добавит кнопку «Купить сейчас» для страниц компаний</ref>.

2015 жылдың шілде айында Instagram-да 1080x1080 пиксельдік фотосуреттер қою мүмкіншілігі пайда болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Instagram-да 30 секундтық жарнамалық видеолар пайда болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Масштабы

2010 жылы Instagram-ның бір миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында бес миллион болды<ref name="igdec2010">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>. Ал 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті<ref>Үлгі:Cite news</ref>. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жетті<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Марапаттары

2011 жылдың қаңтарда Instagram 2010 TechCrunch Crunchies конкурсында «Ең үздік мобильді қосымша» номинациясында екінші орын алды<ref name="crunchies2010">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

2011 жылдың мамыр айында Fast Company журналы жасаған «бизнестегі ең жасампаз 100 адам» тізімінде 66-орнына Instagram-ның бас директоры Кевин Систромды қойды<ref name="fcmay2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

2011 жылы қыркүйекте SF Weekly Web Awards конкурсында Instagram «Ең үздік жергілікті қосымша» номинациясын жеңіп алды<ref name="sfweekly2011">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

2011 жылдың желтоқсан айында Apple Instagram-ды «iPhone-ға арналған жыл қосымшасы» деп таныды<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Қызықты деректер

Дереккөз

Үлгі:Әлеуметтік желілер <references />

Сілтемелер

<references/>