FGM-148 Javelin

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Javelin3.jpg
FGM-148 Javelin

FGM-148 Джавелин - Америкалық тасымалды, танкіге қарсы зымыран кешені.

Бротехникалық және қорғалған нысандар мен төмендеп ұшатын жылдамдығы аз нысандарды жоюға арналған қару түрі. Зымыранды 1986 жылы АҚШ-тың Техас штатындағы "Джевлин Джойнт венчерс" кәсіпорны жасап шығарды. АҚШ армиясының қаруы қатарында 1996 жылы қабылданды. Ирактағы соғыста сәтті пайдаланылды. Қару басқа да елдерге экспортқа шығарылды.

Жаңа танкіге қарсы зымыран кешенін сынау 1993 жылдың маусым айында басталды. 1994 жылдан бастап "Джевлиннің" бекітілген нұсқалары жарық көре бастады. Алғашқы кезде алты жыл АҚШ-тың құрлықтағы әскерлері мен теңіз әскерлері 74000 танкіге қарсы басқарылатын зымыранды жеткізіп беру жоспарланған еді. Бірақ, кейін тасымал мөлшері мен мерзімі азайтылды. 11 жыл ішінде 33000 зымыран жеткізу туралы шешім қабылдады. "Джевлин" - армияның жылдам қозғалатын күштеріне арналған қару.

Әдебиет

  • ҚАРУ-ЖАРАҚТАР. - Алматы: "Аруна" баспасы.