Evernote

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox software

Evernote — Жазбаларды, оның ішінде мәтіндік жазбаларды, уеб-парақтарын, тізімдерді, фотосуреттер мен кескіндерді, электронды хаттарды және т.б. ақпарат түрлерін сақтау, синхрондау мен іріктеп іздестіруге арналған онлайн ғаламтор қызметі әрі түрлі операциялық жүйелерге арналған компьютерлік бағдарлама.

2011 жылдың желтоқсанына қарай Evernote-та 20 млн. қолданушы тіркелген болатын<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Тарихы

Қызмет АҚШ-тың Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында Evernot компаниясы тарапынан ашылған. 2009 жылы Тройка Диалог және DoCoMo компаниялары Evernote қызметіне $6,5 млн. көлемінде инвестиция құйды.<ref>ВЕДОМОСТИ — $2 млн на память</ref><ref>«Тройка Диалог» продала свою долю в совместном с РТ венчурном проекте - Evernote</ref>

2009 жылдың 2 сәуірінде Evernote қызметі орысшаландырылды — уеб-сайты мен локалды клиенттері аударылып, ал мәтінді талдап-оқу технологиясы кескіндердегі орысша мәтіндердің индекстелуіне ие болды<ref>Evernote заговорил по-русски " Блог Evernote</ref>.

14 сәуір күні Evernote пен Twitter-дің өзара байланысуы жайлы хабарланды. Қолданушылар екі қызметтегі өзінің тіркеу жазбаларын байланыстырып Twitter-ден жазбаларды Evernote-қа тікелей жібере алу мүмкіндігін иеленді<ref>Evernote + Твиттер = моментальная память " Блог Evernote</ref>.

2009 жылдың 26 маусымында жазбаларға біріккен қолжетімділік қызметі кеңейе түсті — нақты бір топтардың жазба кітаптарын оқу мен өңдеу режимдері іске қосылды<ref>Совместный доступ к блокнотам: Первый этап. " Блог Evernote</ref>.

Негізгі мүмкіндіктері

  • Жазбаларды ғаламдық тордан, компьютерлік бағдарламадан және ұялы телефоннан (Windows Mobile, Windows Phone 7, iPhone мен Android) синхрондау және қолжетімділік мүмкіндіктері;
  • Жазбаларды ілмек санаттары бойынша іріктеу;
  • Атын, уақытын, ілмектері мен кескіндердің және т.б. болуын қамти отырып, жазбаларды фильтрлер бойынша тез іздестіру. Іздестіру кезінде кескіндердегі мәтінді талдап-оқу қолданылады;
  • Жазбаларды құру букмарклеті, жазбада белгіленген мәтінді, уеб-парақты тікелей сақтай алу және «жолшыбай» жазбаларды тікелей уеб-браузерден құра алу мүмкіндіктері;
  • Жеке жазба кітаптарына бірлескен қолжетімділік мүмкіндігі;
  • Жазбалардың гео-белгілері, мысалға, белгілі бір аймақта жасалған жазбаларды іздестіруге мүмкіндік береді;
  • Кескіндердегі орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі баспа және қолжазба мәтіндерін талдап-оқу мүмкіндігі;
  • Түрлі белгілер бойынша жазбаларды жан-жақты факторлар бойынша іздестіру;
  • «сандық сиямен» (digital ink) жазылған қолжазбаны талдап-оқу мен сараптау;
  • «Сандық сия» мәтіндерін біркелкілеу.

Жазбаларды келесідей тәсілдермен қосуға болады:

  • үстел компьютері, ұялы және Evernote-тың уеб нұсқасы арқылы түбегейлі құру,
  • фотоға түсіру арқылы,
  • алмасу буферіне орналастыруға болатын ақпаратты, яғни уеб-парақтарды, экран кескіндерін көшіру арқылы,
  • Файлдар мен құжатта белгіленген бөлшектерді Mac OS X пен Windows-тың үстел компьютері үшін арналған клиенттеріне тасымалдап көшіру арқылы,
  • электронды поштаға жіберу арқылы,
  • сканерлеу арқылы,
  • дыбыс жазғышқа оқи отырып,
  • Twitter-ден жазу арқылы.

Клиенттер

Windows пен Mac OS X арналған үстел компьютері клиенттері

  • мәтіндік және дыбыстық жазбаларды құру
  • кескіндердегі баспа және қолжазбаларды талдап-оқу
  • құжаттар мен уеб-парақтардағы мазмұнды көшіріп алу
  • сервермен синхрондалу мен басқа клиенттерде құрылған жазбалар болса да соларға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету

Уеб-шолғыштарға арналған уеб-клиппер

  • уеб-парақтан керекті мәтіннің бөлігі мен кескіндерді көшіру
  • үстел компьютері клиентін ашпай жатып жаңа мәтіндік жазба құру (бұл жағдайда жазбаны құрып жатқан сәттегі ашық тұрған беттің URL-ы сақталады)

Windows Mobile арналған қондырғы

  • Windows Mobile құрылғысынан Evernote-қа фотосуреттер мен жазбаларды жіберу
  • барлық жазбалар бойынша тездетіп іздестіру мен оларға қолжетімділік

iPhone/iPod Touch арналған қондырғы

  • жазбаларды құру, түзету мен іздестіруге шұғыл қолжетімділік
  • өзінің тіркеу жазбасына тікелей фотоға түсіріп алу
  • дыбыс жазбаларын жазу
  • оффлайн жағдайында көрінетін жазбаларды таңдау
  • GPS арқылы жазбаларға гео-белгілерді тіркестіру

Android арналған қондырғы

  • қашықтағы мәлімет базасы бойынша жазбаларды іздестіру
  • мәтіндік, фото және дыбыс жазбаларын құру
  • өзінің тіркеу жазбасына кез-келген файлдарды жіберу

U3 флеш-жинақтаушыларына арналған нұсқа

  • қонақ компьютеріне орнатпай жатып, флэш-жинақтаушыдан тікелей іске қосылатын нұсқа

Ұқсас бағдарламалар

Ескертулер

<references/>

Сілтемелер