Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Evernote"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
08:50, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы
Evernote — Жазбаларды, оның ішінде мәтіндік жазбаларды, уеб-парақтарын, тізімдерді, фотосуреттер мен кескіндерді, электронды хаттарды және т.б. ақпарат түрлерін сақтау, синхрондау мен іріктеп іздестіруге арналған онлайн ғаламтор қызметі әрі түрлі операциялық жүйелерге арналған компьютерлік бағдарлама.
2011 жылдың желтоқсанына қарай Evernote-та 20 млн. қолданушы тіркелген болатын<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Тарихы
Қызмет АҚШ-тың Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында Evernot компаниясы тарапынан ашылған. 2009 жылы Тройка Диалог және DoCoMo компаниялары Evernote қызметіне $6,5 млн. көлемінде инвестиция құйды.<ref>ВЕДОМОСТИ — $2 млн на память</ref><ref>«Тройка Диалог» продала свою долю в совместном с РТ венчурном проекте - Evernote</ref>
2009 жылдың 2 сәуірінде Evernote қызметі орысшаландырылды — уеб-сайты мен локалды клиенттері аударылып, ал мәтінді талдап-оқу технологиясы кескіндердегі орысша мәтіндердің индекстелуіне ие болды<ref>Evernote заговорил по-русски " Блог Evernote</ref>.
14 сәуір күні Evernote пен Twitter-дің өзара байланысуы жайлы хабарланды. Қолданушылар екі қызметтегі өзінің тіркеу жазбаларын байланыстырып Twitter-ден жазбаларды Evernote-қа тікелей жібере алу мүмкіндігін иеленді<ref>Evernote + Твиттер = моментальная память " Блог Evernote</ref>.
2009 жылдың 26 маусымында жазбаларға біріккен қолжетімділік қызметі кеңейе түсті — нақты бір топтардың жазба кітаптарын оқу мен өңдеу режимдері іске қосылды<ref>Совместный доступ к блокнотам: Первый этап. " Блог Evernote</ref>.
Негізгі мүмкіндіктері
- Жазбаларды ғаламдық тордан, компьютерлік бағдарламадан және ұялы телефоннан (Windows Mobile, Windows Phone 7, iPhone мен Android) синхрондау және қолжетімділік мүмкіндіктері;
- Жазбаларды ілмек санаттары бойынша іріктеу;
- Атын, уақытын, ілмектері мен кескіндердің және т.б. болуын қамти отырып, жазбаларды фильтрлер бойынша тез іздестіру. Іздестіру кезінде кескіндердегі мәтінді талдап-оқу қолданылады;
- Жазбаларды құру букмарклеті, жазбада белгіленген мәтінді, уеб-парақты тікелей сақтай алу және «жолшыбай» жазбаларды тікелей уеб-браузерден құра алу мүмкіндіктері;
- Жеке жазба кітаптарына бірлескен қолжетімділік мүмкіндігі;
- Жазбалардың гео-белгілері, мысалға, белгілі бір аймақта жасалған жазбаларды іздестіруге мүмкіндік береді;
- Кескіндердегі орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі баспа және қолжазба мәтіндерін талдап-оқу мүмкіндігі;
- Түрлі белгілер бойынша жазбаларды жан-жақты факторлар бойынша іздестіру;
- «сандық сиямен» (digital ink) жазылған қолжазбаны талдап-оқу мен сараптау;
- «Сандық сия» мәтіндерін біркелкілеу.
Жазбаларды келесідей тәсілдермен қосуға болады:
- үстел компьютері, ұялы және Evernote-тың уеб нұсқасы арқылы түбегейлі құру,
- фотоға түсіру арқылы,
- алмасу буферіне орналастыруға болатын ақпаратты, яғни уеб-парақтарды, экран кескіндерін көшіру арқылы,
- Файлдар мен құжатта белгіленген бөлшектерді Mac OS X пен Windows-тың үстел компьютері үшін арналған клиенттеріне тасымалдап көшіру арқылы,
- электронды поштаға жіберу арқылы,
- сканерлеу арқылы,
- дыбыс жазғышқа оқи отырып,
- Twitter-ден жазу арқылы.
Клиенттер
Windows пен Mac OS X арналған үстел компьютері клиенттері
- мәтіндік және дыбыстық жазбаларды құру
- кескіндердегі баспа және қолжазбаларды талдап-оқу
- құжаттар мен уеб-парақтардағы мазмұнды көшіріп алу
- сервермен синхрондалу мен басқа клиенттерде құрылған жазбалар болса да соларға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету
Уеб-шолғыштарға арналған уеб-клиппер
- уеб-парақтан керекті мәтіннің бөлігі мен кескіндерді көшіру
- үстел компьютері клиентін ашпай жатып жаңа мәтіндік жазба құру (бұл жағдайда жазбаны құрып жатқан сәттегі ашық тұрған беттің URL-ы сақталады)
Windows Mobile арналған қондырғы
- Windows Mobile құрылғысынан Evernote-қа фотосуреттер мен жазбаларды жіберу
- барлық жазбалар бойынша тездетіп іздестіру мен оларға қолжетімділік
iPhone/iPod Touch арналған қондырғы
- жазбаларды құру, түзету мен іздестіруге шұғыл қолжетімділік
- өзінің тіркеу жазбасына тікелей фотоға түсіріп алу
- дыбыс жазбаларын жазу
- оффлайн жағдайында көрінетін жазбаларды таңдау
- GPS арқылы жазбаларға гео-белгілерді тіркестіру
Android арналған қондырғы
- қашықтағы мәлімет базасы бойынша жазбаларды іздестіру
- мәтіндік, фото және дыбыс жазбаларын құру
- өзінің тіркеу жазбасына кез-келген файлдарды жіберу
U3 флеш-жинақтаушыларына арналған нұсқа
- қонақ компьютеріне орнатпай жатып, флэш-жинақтаушыдан тікелей іске қосылатын нұсқа
Ұқсас бағдарламалар
- Microsoft OneNote
- Nevernote — Evernote-пен жұмыс істеуге арналған бейресми java-қондыртпа
- Nixnote — Nevernote-тың тұрақты нұсқасы
- Nimbus Note
Ескертулер
<references/>
Сілтемелер
- Evernote-тің ресми уеб-сайты
- Вконтакте әлеуметтік желісіндегі арнасы
- Үлгі:Twitter
- Үлгі:Twitter Үлгі:Ref-en
- «Ведение и организация заметок при помощи EverNote», Компьютерра
- Основатель и совладелец Evernote Степан Пачиков // Аналитическая программа «Рунетология» (стенограмма)
- «Evernote Brings Proper File Syncing to iPhone», Wired Үлгі:Ref-en
- «Evernote Passes 500,000 Registered Users», TechCrunch Үлгі:Ref-en
- «Organize Your Jottings», The Wall Street Journal Үлгі:Ref-en
- Блог компании на сайте habrahabr.ru
- Официальный канал Evernote Россия на YouTube
- Веб-клиент Evernote в Интернет-магазине Chrome