EFE

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:58, 2015 ж. ақпанның 26 кезіндегі AlibekKS (Талқылауы) істеген түзету

«ЭФЭ»Испания ақпарат агенттігі. ЭФЭ 1939 жылы Фабра, Фебус, Фаро ақпарат агенттігінің қосылуы нәтижесінде құрылды. Испан тілдес елдер арасында ең ірі агенттік болып саналады. Штаб-пәтері Мадридте орналасқан. Формалді түрде акционерлік қоғам болып табылады. Агенттік ел жаңалықтарын БАҚ-на, мемлекеттік және тәуелсіз мекемелерге, партияларға, кәсіподақтарға, елшілерге, шетелдерге таратады. Әлемнің ірі 30 ақпарат агенттігімен ақпарат алмасады. Ақпарат көлемі жылына 200 мың сөз. Агенттік штатында 2500-дей адамдар қызмет етеді. Шетелде 80 бөлімшесі жұмыс жасайды.<ref>Рамазан. А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}