BG Group

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:16, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Компания

BG Groupтабиғи газды өндіруден бастап, оны тұтынушыларға жеткізіп бергенге дейінгі аралықтағы бүкіл жұмысты тындырумен айналысатын жетекші халықаралық компания. Қазақстанда өкілеттілігін "BG Kazakhstan" компаниясы атқарады. BG Group бес құрлықта, 20 елде жұмыс істейді. Оның жұмысының басты бағыттары: газды барлау және өндіру, сұйытылған табиғи газ дайындау, оны тасымалдау, бөліп беру, сол сияқты электр энергиясын өндіру. BG Group Қазақстанда XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жұмыс істеуде. Минералды шикізаттардың мол қорларын алғашқылардың бірі боп игере бастаған батыстық компания. BG Group компаниясының аса ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын игеру жобасында 32,5% үлесі бар. Бұл компания, ENI компаниясымен біріге отырып, аталған кенорынның операторы болып табылады. Сонымен қатар, BG Group компаниясы Каспий құбыржелілік консорциумның (КҚК) акционерлерінің бірі, бұл жобадағы оның үлесі 2%.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}