Annalen der Physik

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Annalen der Physik» – физика мәселелеріне арналған неміс ғылыми журналы.<ref>↑ http://onlinelibrary.wiley.com/journal/10.1002/%28ISSN%291521-3889/homepage/Relaunch.html (retrieved 17-aug-2011). «http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=Annalen_der_Physik&oldid=37704894»</ref>.

Бұл көнеден келе жатқан басылым 1799 жылдан бері жарық көріп келеді. Басылым беттерінде эксперименталды, теориялық, қолданбалы және математикалық физика саласымен бірге шекаралас аймақтардағы айрықша мақалалар жарияланады. Барлық мақалалар рецензияланған.

XIX ғасырдың аяғында жыл сайын журналдың 1000 беттен тұратын үш нұсқасы жарық көрген. Ал дәл қазіргі таңда жылына 800 беттен тұратын 12 нұсқасы оқырман назарына ұсынылады. Басылым өз тарихында атауын екі рет өзгерткен. Олар: «Annalen der Physik und der physikalischen Chemie» (1819-1824), «Annalen der Physik und Chemie» (1824-1899). Алайда 1899 жылы алғашқы атауына қайта оралды. Басылым XIX-XX ғ физика ғылымының дамуына ерекше үлесін қосты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}