ALDONGAR Productions (Kazakhstan) кинокомпания

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:20, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ALDONGAR Productions (Kazakhstan) кинокомпания - көркем және деректі фильмдер өндірумен, Қазақстандық кино өнімнің халықаралық ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, мәдени жобаларды бірлесе атқарумен айналысады.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Компанияның негізгі міндеті - Қазақстанның мәдени өміріндегі кино-телеөнімдердің жарыққа шығуын жекелеген азаматтардьң меценаттық қолдаулары нәтижесінде іске асыру.

А.Р.К. - Қазақстандағы тұңғыш жеке материалдық- техникалық базасында Қазақстандық-ресейлік "Лики Евразии" атты сериямен әйгілі ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен жарқын көшбасшылар жайлы 5 тараудан тұратын циклді деректі фильмдер жасаған. А.Р.К. көптеген телеарналармен әріптестік қатынасын нығайтуда: "Культура" телеарнасы, Мәскеу қаласы Еуразиялық телевидение және радио академиясы, Мәскеу Еуразиялық телефорум, ЕАТР корпорациялық мүшесі, Халықаралық продюсерлік орталықтар мен Кинофорумдер ("Злата Прага", Монте- Карлодағы кинофестиваль, Орталық Қытай телевидениеci CCTV, Канада, Германия, Франция, Ресей продюсерлік орталықтары), "Никол-фильм" (Ресей), "Ибрус" (Ресей), "TOR" (Польша) және т.б.

Компания негізін қалаушылары: Борис Шырдабаев, Әлия Увальжанова, Асқар Бапишев. Кинокомпанияның Жобалары: "Лики Евразии" (2006), "Боз-Салқын" (Қазақстан- Қырғызстан, 2007), "Түрлі- түсті эльфтер" (Қазақстан, Қытай, 2007), "Троя алтыны және Генрих Шлиманның дүниежүзілік жәдігерлер топтамасы" (Қазақстан, Ресей, 2008), "Александр. Нева шайқасы" (Қазақстан, Ресей, Израиль, Польша, 2008), "Сталинге сый" (Қазақстан, Ресей, Израиль, Польша, 2008), "Арман қала" ТВ сериал (2009), "Намыс- Көк Тәңірісі" (2009) - тарихи-линтвистикалық жоба. Мекенжайы: 050020. Алматы. Көктөбе -2 ықшам ауданы Қыз-Жібек көшесі 87 үй. Байланыс тел: 8 (727) 227-92-94.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}