ACE (Ninety One)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Азамат Қайратұлы Ашмақын, ACE (28 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Өмірбаяны

Азамат 1993 жылдың 28 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасында інісі бар (Әсет Ашмақын). Отбасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады.

Білімі

Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Қазіргі кезде аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Испан және ағылшын тілдерін меңгеруде.

SM Entertainment

2012 жылдан 2015 жылдар аралығында Оңтүстік Корея елінде дарындыларды іздестіру, продюсерлік және дыбыс жазумен айналысатын S.M. Entertainment (Үлгі:Lang-ko) атты музыкалық агенттігінде тағылымдамадан (стажировка) өткен. Таңғы балғындық елінде ACE 2,5 жыл тұрып, корей тілін жетік меңгерген.

Ninety One

Үлгі:Толық мақала Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті және жетекі бишісі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. Топқа S.M. Entertainment агенттігінде 2,5 жыл тағылымдама өтіп келгеннен кейін қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

  • Руы: Ұлы жүз, Албан
  • Хоббиі: Мистикалық және эзотерикалық жанрдағы кітаптарды оқу, экстремалдық спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады.
  • Бойының ұзындығы: 177 см
  • Салмағы: 59 кг
  • Сүйікті тағамы: лағман
  • Брайан Макнайт, Boyz II Men, Крейг Дэвид, Эрик бенет сынды ритм-н-блюз жанрында өнер көрсететін әншілерді сүйіп тыңдайды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ninety One