1996 Жазғы Олимпиада ойындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:37, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Олимпиада ойындары XXVI олимпиялық ойындар (20 шілде - 4 тамыз 1996 ж. Атланта, АҚШ, бұл ойындарға 196 мемлекеттен 10 774 спортшы қатысты. Олардың 7060-ы ер кісілер, 3684-і әйелдер.), бұл тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның өз алдына құрама команда жасақтап қатысқан тұңғыш жазғы олимпиялық ойындары еді. Бұнда біздің жас мемлекеттің спортшылары өнер көрсеткен 196 елдің құрама командаларының арасында жалпыкомандалық ресми емес есепте 22-ші орынға ие болды. Бұл олимпиялық ойындар сияқты әлемдегі ең үлкен форумда әлі халықаралық тәжірибесі аз жас мемлекеттің үлкен табысы болатын. Бұл жолы құрметіне тәуелсіз еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Қай кезде де Қазақстан спортының даңқын шығарып келе жатқан боксшылар болатын. Атлантада Болат Жұмаділов күміс медальға ие болды. Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ибрайымов қола медальдарды қанағат тұтты. Василий Жиров бір жекпе- жектен кейін екінші жекпе-жек сайын бабына ене түсіп тоқтаусыз келе жатты. Ақтық бәсекеде оның алдында қарсыласы Әлемнің чемпионы АҚШ-тың Антонио Тревер тұрды. 12:9 есебімен жеңіске жеткен В. Жиров, чемпион атанып қана қоймай, әділ- қазылар алқасының шешімімен ойындардың ең үздік боксшысына берілетін Вал Баркердің кубогіне ие болды. Қазақстандық бессайысшы Александр Парыгин Атланта ой- ындары қаһармандарының біріне айналды. Біздің Атлантадағы келесі қаһарманымыз атақты балуан Дәулет Тұрлыхановтың шәкірті грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко олимпиялық кілемде алтын медальға ие болды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Қатысқан елдер

Сурет:1996 Summer Olympic games countries.png
Атланта 1996 Жазғы Олипиада ойындары қатысушылары
Көк = Алғашқы рет қатысқандар. Жасыл = Алдында қатысқандар. Сары Ойын өткізушң қала (Атланта)

Үлгі:Navbox

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:1996 Жазғы Олимпиада ойындары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}