1995 жылғы банк реформасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

1995 жылғы банк реформасы 1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың, талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезендерін қамтиды.

Бұл банктік реформа Ұлттық Банктің 1995 жылға арналған «Қазакстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау тетіктеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

І кезең. 1988 —1991 жылдары (КСРО-ныңтұсында)мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары — рубль аймағында бола отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

III кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық Банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:

  • мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
  • коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау тетігінің жеткіліксіздігі;
  • екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінін, баяу құрылуы;
  • валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
  • макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
  • осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
  • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.

ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

  • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
  • қаржы ресурстарын жинақтаудын, іс жүзіндегі тетіктерінің әлсіздігі;
  • шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
  • орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
  • банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.

Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық Банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация үдерісін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансынан Қаржы министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.

Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі — 35%-ды құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңдік қамтыды.

Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1 - жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992 жылғы жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

Екінші кезеңде (1995 жылдың екініші жартысында және 1996 жылы), Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

Үшінші кезеңде (1997 жылдың ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 жылы бастап салымдарды мемлекеттің толық, кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

Төртінші кезеңде әмбебап банк — Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

Бесінші кезеңде әмбебап банк — Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі — 40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың каңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық Банк даярлауға тиіс болды.

Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

Мемлекеттік даму банкі — бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.

Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) — бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыкқан банк.

Тұрғын үй құрылысы банкі — бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк (траст) — бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен «Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небары 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.

Ұлттық Банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.

Банктерді қайта қаржыландыру тетігі түбірімен өзгерді. 1995 жылғы ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық Банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктін екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан 6астап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.

1995 жылы Ұлттық Банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 жылдың қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9%-дан, қыркүйек айында - 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}