1993 жылы 15 қарашада айналымға шығарылған банкноттар сипаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұскауларына сәйкес:

  • 2000 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 1 теңге, 3 теңге және 5 теңге банкноттар беруді тоқтатылды;
  • 2000 жылғы 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 10 теңге, 20 теңге және 50 теңге банкноттар беру тоқтатылды.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

50 теңге

Көлемі 144х69 мм

Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Әбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.

Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Әбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген.

20 теңге

Көлемі 144х69 мм

Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.

Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген.

Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген.

10 теңге

Көлемі 144х69 мм

Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты және және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар.

Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен Шоқан Уәлихановтың бейнесі салынған.

Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген

5 теңге

Көлемі 144х69 мм.

Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.

Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.

3 теңге

Көлемі 144х69 мм.

Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.

Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.

1 теңге

Көлемі 124х62 мм.

Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті сурет бар.

Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

50 теңге, 20 теңге, 10 теңге, 5 теңге, 3 теңге, 1 теңге

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}