1928 жылғы партия-кеңес қызметкерлерін тұтқындау толқыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

1928 жылғы партия-кеңес қызметкерлерін тұтқындау толқыны 1928 жылғы қарашаның ортасында Маңғыстау және басқа бірқатар аудандардың партия-кеңес қызметкерлерін тұтқындау толқыны басталды. Т. Әлниязов, сонымен бірге бұрын патшалық биліктің жергілікті аппаратында қызмет еткен бірқатар адамдар, сондай-ақ бұрынғы аудандық атқару комитеттерінің төрағалары Ш. Үсембаев, К. Құлшаров және басқалары тұтқындалды. Тұтқындалғандардың арасында 11 коммунист, оның ішінде округтік партия конференцияларының делегаттары да болды.

Оларды тұтқынға алуға 1928 жылғы 2 қарашаға қараған түнде, Песчаный шығанағы маңында тұрған кеме бортынан ҚазОАК мүшесі, округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары Ш. Ералиевтің белгісіз жағдайда жоқ болып кетуі түрткі болды.<ref name="Сонда">Сонда.</ref>. Оның жоқ болып кетуі жазатайым жағдайдан да болуы мүмкін еді: сол бір төтенше түнде жанына серік ертпей палубаға жалғыз шығуы, содан қайтып оралмауы құпия күйінде қалған.

Қастандықпен әдейі өлтірілген деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. ОГПУ органдары БК(б)П Қазолкомның табанды қолдауымен кінәліні іздей бастады. Ералиевтің денесі теңізден тек бір жыл өткеннен кейін ғана табылады. Мерзім, турасын айту керек, бірталай. Бұл арада, сот-медициналық экспертазаның қолдан өлтірілген деген қорытындысы, сол кездегі жоғары билік ойынан шығу үшін жасалған деген жорамал айтылды. Сөйтіп ОГПУ органдарының «байлардың, саудагерлердің, патша үкіметінің бұрынғы қызметшілерінің және бұрынғы Адай округіндегі кеңес қызметкерлерінің контрреволюциялық ұйымдары туралы» аты шулы іс қозғауына сылтау табылды.

1930 жылдың тамызында, іс бойынша тергеу аяқталуға жақындаған кезде, Адай округі таратылды және оның барлық аудандары, Ойыл мен Табын аудандарынан басқа, Гурьев округіне, ал аталған екі аудан Ақтөбе округіне берілді. Бұл хабарды халық, әсіресе партия-кеңес органдарының қызметкерлері теріс қабылдады. Енді түбек тұрғындары дербестіктен айырылады және өздерінің тіршілік мәселелері Гурьевте шешілетін болады деген қауіп шағымдар мен үндеулердің қаптап кетуіне әкеп соқтырды. Халықтың қарсылығы отырған жерін тастап көшуіне, көтерілісші жасақтарға қосылуға ұласты, ал олардың саны милиция және ОГПУ органдарының жедел мәліметтері бойынша 50-ден асып кетті. Кейбір қарақшылар бұл жағдайды пайдаланып қалды, мысалы, К. Қосжанов пен К. Қожахметов басқарған топтар қылмыстық әрекеттер негізінде туындап, олар бірнеше жыл бойы ұрлықпен және кісі өлтірумен айналысты.<ref name="Сонда, 2-п">Сонда, 2-п.</ref>.

Ауыр материалдық жағдайлар, қыр желкеге мініп алған қорқыту мен қудалаулар ірі қарсылық ошақтарының тууына әкеп соқтырды, сонымен қатар халықты Түркіменстанға және одан әрі көшуге мәжбүр етті. Сол жылдары әлдекімдер айналысқа қосып жіберген «Адайды құтқару — адайдың өз қолында» деген тіркес іс жүзінде өңір халқының қайсыбір оқшаулануға ұмтылысын емес, керісінше, мемлекеттің өзі өз азаматтарын шыңнан құлауға саналы түрде жеткізген оқиғалар мәнін айқын бейнелейді. Соған қарамастан, осы мән-жайды ОГПУ органдары пайдаланды: Әлниязов, сондай-ақ бұрынғы аудан басшылары Үсембаев, Құлшаров және басқалары бірқатар саяси кінәлармен бірге «Сопы» және «Адайды құтқару тобы» бөлімшелерімен қоса «Ақбота» атты жасырын контрреволюциялық ұйым құрғаны үшін айыпталды. Сонымен бірге оларға халықты Түркіменстан мен Ауғанстанға көшуге үгіттеді деген айып тағылды. 1930 жылғы 9 қазанда қылмыстық іс бойынша айыпталған 70 адамның 61-і ОГПУ-дың «үштігіне» берілді (9-ы тергеу аяқталғанға дейін түрмеде қайтыс болды). Қорытындысында олардың 21-іне ату үкімі берілді, қалғандары әртүрлі мерзімге сотталды.<ref>Сонда. Алматыда орналасқан қазақ ұлттық дивизионының әскери құрамы ОГПУ-дың отрядтарымен бірге Созақтағы, Сарысудағы, Қарақұмдағы, Ырғыздағы көтерілістерді және Адай көтерілісін басуға қатысты. Қазақстанның чекистік-партиялық басшылығы республиканың түкпір-түкпіріндегі шаруалар көтерілістері мен толқуларын басуда қазақ ұлтынан тұратын қызыл армия бөлімдерін кеңінен пайдаланды. ҚР ҮКК мұрағаты, №1 мұрағат, 158-т.,1 т., 123-133-п.</ref>. Алайда тұтқындау осыдан кейін де тоқталған жоқ. 1930 жылдың басында Александров қамалының тұтқындар үйінде отырғандардың саны 200-ден асты. 1931 жылдың 14 сәуіріне қараған түнде олар күзетшілерді қарусыздандырып, қаладан шығып кетті. Олар радиостанцияны және ОГПУ-дың аудандық аппаратын басып алу жоспарларын жүзеге асыра алмады. Мұның бәрі бас көтеруші топтардың іс-қимылдарын барынша белсенді түрде жүргізіп, оңтүстікке қарай жаппай көшуіне түрткі болды.

1930 жылдың соңына қарай көтеріліс округтің барлық бес ауданын қамтыды. Келесі жылдың көктемінде басталған ашаршылық және азық-түлік дайындау науқаны жекелеген топтардың ірі отрядқа бірігуіне және Түркіменстан жаққа қарай қозғалуға мәжбүр етті. Бұл ретте жергілікті билік өкілдері мен белсенділер оларды қуып жетіп қайтарды және бірқатар жағдайларда көздерін жоя отырып, мүліктері мен дайындау пункттеріндегі малдарын айдап әкетті. Мәселен, Жылықосын ауданындағы шаруалар толқынын Нұрғали Күттегенов басқарды. 1931 жылдың наурызында Байзхыл және Үшқу деген жерлерде тұтқындалған шаруалардың кезекті тобын босатып, ол өз ауылын көшуге үгіттеді. Оған Доссор ауданының У. Ершұраев басқартан тұрғындары келіп қосылды.

Округтің солтүстік бөлігі көтерілістің ірі ошағына айналды. 1931 жылдың наурыз айында мұнда қарсылық көрсетуші шашыраған топтардың басын біріктіріп, Ойыл ауданындағы № 19 ауылдың тұрғындары Б. Шоланов пен К. Ембердиев және К. Шененовтер 1 500 шаруашылықты Түркіменстан жағына қарай көшуді ұйымдастырды. Оған Табын ауданының Құлшар Қожбанов басқарған ауылының адамдары да қосылды. 1931 жылғы сәуірде Қайнар деген жерде адай-майлан, адай-кенже, адай-абыз, адай-мамыр, адай-түркімен руларының ақсақалдары бас қосып, Боқмаш Шолановты өздерінің көшбасшысы етіп сайлады. У. Баяділов, X. Төлегенов, К. Өтегенов, А. Шомғұлов және К. Ембердиев оның кеңесшілері болды.

Осы кезде ОГПУ органдары коммунарлардың көмегімен көтерілісшілерге қарсы белсенді шаралар жүргізді. Алайда олардың саны аз отрядтары көтерілісшілердің жауынгер тобына қарсы тұра алмады. Сондықтан Шоланов және олардың адамдары жиі жеңіске жетіп отырды. Мәселен, Боздақ деген жерде ұзаққа созылған атыстан кейін Шоланов басқарған көтерілісшілер ОГПУ отрядың Иманқара кәсіпшілігіне қарай шегінуге мәжбүр етті. Бір күннен кейін, 1931 жылғы 15 сәуірде кәсіпшілік маңында көтерілісшілер ОГПУ отрядына тағы да шабуыл жасады. Алайда жақсы бекінген және мықтап қаруланған отряд шабуылға тойтарыс берді. Шығынға ұшыраған Шоланов Қанжыға деген жерге шегінді. Тек 1931 жылғы 20 сәуірде тұрақты әскер құрамы келгеннен кейін ғана округтің осы бөлігіндегі көтерілісті баса алды. 834 адам қолға түсті. Шолановтың өзі 18 сарбазымен қашып құтылды. Алайда екі ай өткеннен соң ол өзінің тобымен бірге Актөбе округінің Қобда ауданында ұсталды. Шоланов көтерілісіне байланысты кейін 500-ден астам адам ОГПУ «үштігінің» сотына тартылды.<ref>Сонда. №6 мүрағат, 103-п., 2—2-п.</ref>.

1929-1930 жылдарды тұтас алғанда Адай округінде бүлікті және қарсылық білдірушілердің жергілікті ошақтарын басу жөніндегі операциялар тұрақты түрде жүргізілді. Бірақ бүган ОГПУ-дың жергілікті органдарының күші жетпеді және көмекке әлсін-әлсін әскер шақырып отырды. 1929 жылғы наурызда-ақ Александров қамалына К. Қосжановтың көтерілісшілер тобын басу үшін Дағыстаннан Сумбатов басқарған қызылармияшылар дивизионы шақырылған болатын. 1931 жылғы 14сәуірде Каспий арқылы жарты аралға тағы да, енді Закавказье шекаралық округінің басқарма бастығы сол Сумбатов басқарған біріктірілген әскер отряды жедел жеткізілді. Осында ОГПУ-дың 24-полк командирінің орынбасары Оглоды басқарған ірі отряд та келіп жетті. Воронежский басқарган тағы бір отряд Саратовтан шұғыл түрде осында жіберілді. ОГПУ-дың 68-дивизионы да Гурьвтен автокөлікпен шығады. Оның іс-қимылына теңізден «Атарбеков» күзет кемесі оқ жаудырып көмек көрсетті. Адай округіндегі көтерілісті басуға армия құрамдарының 32 бөлімшесі мен ОГПУ әскерлері әкелінді, олардың жеке құрамында 1000-нан астам адам болды. Оларға Гурьевтен, Ойылдан және Александров қамалынан 200 коммунар көмектесті. Сөйтіп округтің бүкіл аумағы әскери отрядтармен бақыланды.

Оқиғаның одан кейінгі барысы көрсеткендей, іс жүзінде округ аумағына осыншама әскер әкелудің соншалық қажеттілігі де болған жоқ еді. Түбектегі жағдай Қарақұмдағы жағдайға ұқсас болып шықты, мұнда да әскери отрядтар қаруланған «банды құрамаларының» орнына бұл жолы да негізінен қарусыз адамдармен қақтығысты.

Мысалы, Сумбатовтың отрядына: «Маңғыстау ауданында іс-қимыл жүргізсін, кездескен жекелеген банды топтарының көзін жойсын, осындағы көші-қонның жолын кессін» деген нақты тапсырма берілді. Осыған дейін, Сумбатовтың отряды келген кезде Маңғыстау ауданының барлық ауылдары, біреуінен басқасы, Түркімен жағына көшуді бастап кеткен болатын. Сұмбатовтың отряды оларды күшпен ғана тоқтатып, кейін қайтуға мәжбүрледі. Жекелеген қарулы топтарды жойып, көшуді уақытша тоқтағаннан кейін отряд 1931 жылғы 20 мамырда кері шақырылды.

БК(б)П Қазөлком мен Қазақстанның үкіметі нақты шаралар қабылдау және халықты тыныштандыру үшін Маңғыстауға КазОАК-нің мүшесі, республиканың Ағарту халық комиссары Сейтқали Мендешовті жедел іс-сапарға жіберді. Алайда қанша әрекеттенгенмен, ол мұндай өте күрделі мәселені шеше алмады. Оның бүкіл қызметі, барлы органдар мен кеңес қызметкерлері сияқты адай көтерілісін басу, көші-қонды тоқтатуға бағытталды да, болып жатқан қарсылықтың себебіне көңіл болінбеді. Қазақстан үкіметінің өкілі ретіндегі қызметінің сипатын оған Исаев пен Голощекин берген мынадай нұсқауға қарап бағалауға болады: «Александров қамалы. Құпия. ОГПУ уәкілі Мендешевке.

Сіздің жауапкершілігіңізбен, жергілікті нақты жағдайға орай, қажеттілік туған жағдайда Сізге үкімет атынан халыққа үндеу тастауға рұқсат етіледі. Үндеуде партия мен үкіметтін еңбекші халыққа көмек көрсету жөніндегі саясаты, оның таптық сипаты жергілікті жерде бүліншілікті, оның ішінде елдің көшуін ұйымдастырушылар болып табылатын байлар мен молдалардын және олардың жақтастары ұрандарының саяси мәні айқын көрсетілуі тиіс. Үндеуде мемлекеттік азық-түлік дайындауға, бар мүмкіндікті жұмылдыру және т.б. мәселелерде келісімпаздыққа ешқашан жол берілмесін. Көтерілісшілерге басшыларын ұстап беру туралы мәселе қатаң қойылсын».<ref name="Сонда"/>.

Көтерілістің және көшіп-қонудың себептерін жоюдың орнына өкімет бірінші кезекте оның басшыларын анықтауға күш салды. Бірақ жазалау операцияларының күшейгеніне қарамастан, халықтың қарсылығы одан әрі жалғаса түсті. Жазалаушылармен кездесіп қалудан қашқақтай отырып, ауылдар көзге түспейтін айналма жолдармен бәрібір көшіп кетіп жатты. Жаздың бас кезінде Үстіртте және Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігінде Ойыл, Табын, Жылықос және Доссор аудандарынан көшіп келген көптеген шаруашылықтар әжептәуір көлемде жиналып қалды. ОГПУ деректері бойынша олардың саны 12мыңнан 15 мың адамға дейін жетті. Қарапайым қарумен қаруланған, қарауылшылары бар бытыраңқы топтар Қарақалпақстан мен Түркіменстанға қарай үдере көшуін тоқтатпады, ақыры одан әрі шекарадан асып кетті.

Александров қамалының өзінде жағдай өте ширығып тұрған еді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, сәуірде жергілікті түрмеде отырған 200 тұтқын күзетшіні қарусыздандырып, көтерілісшілерге келіп қосылған болатын. Көшіп бара жатқандар мен олардың қарулы топтары қаланы басып алуға бірнеше қайтара әрекет жасады. 29 және 30 мамырда, одан кейін 4 маусымда қарулы топтар (негізінен бар қаруы оншақты шиті мылтық болса да) қалаға шабуыл жасады, алайда жергілікті күзет пен қазылар мияшылардың жаудыртан отынан сон кері шегінді. Ал 1931 жылғы 23 маусымда көтерілісшілер М. Сапақовтың, Ж. Исатаевтың және У. Қарабатыровтың басшылығымен Бозашы түбегінің жаталауын бойлай Александров қамалына келіп кірді және ондаты ОГПУ әскерінің 60 жауынгерімен және 40 коммунармен шайқасты. Аудандық кеңсені, банкті ала алматан және қару-жараққа қолы жетпеген олар жергілікті Шикізатодаты (Живсоюз) кеңсесі орналасқан үйді өртеді, өйткені мал және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі нұсқаулар мен жоспарлар, олардың пікірінше, осы мекемеден шытады деп есептеді. Шабуылшылар тек сегіз сағаттан кейін ғана қаланы тастап шықты. Содан соң Ақсұңқар, Саура және Долгий аралдарындағы шаруашылықтарды тонап, далада жазалау шараларын өткізіп жүрген ОГПУ-дың 68-дивизионына жасаған шабуылы сәтсіз шығып, Үстірт асып кетті. 1931 жылғы 27 шілдеде көтерілісшілер тобы (Жұматай Үсеновтің басшылығымен) қалаға қайтара шабуыл жасады. Осы оқиғадан кейін үкімет Бакуден тағы әскер шақырды.<ref name="Сонда, 2-п"/>. Бірақ бұл жолы Баку отрядына тек аудан орталығын және радиусы 50 шақырымдай маңын күзету және көшіп-қонушылардың ісіне араласпау жүктелді.<ref>Ералиев Шәбден (1898-02.11.1928) - Ақмола облысының Сарысу болысы, №1 ауылында дүниеге келген. Түркістанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан, 1919 жылдан РК(б)П мүшесі. 1919 жылы В. Қуйбышевтің айтуымен Түркістан майданы саяси басқармасының инспекторы болып тағайындалған. 1920 жылдары милиция қатарында қызмет еткен, кейін партия-кеңес қызметіне ауысқан.КазОАК аппаратында еңбек еткен. 1928 жылы Адай округтік атқару комитетіне қызметке жіберілген.</ref>.

Жазалау операциясының жалғасуы

Жазалау операциялары Маңғыстау түбегінде және Үстіртте 1931 жылдың күзіне дейін жалғасты. Армия бөлімшелері тарапынан да шығын болды. Көтерілісшілердің Александров қамалына жасаған шабуылын тойтару кезінде 30 адам өлді.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 41-іс, 65-69-п.</ref>. Басқа ұрыстарда, әсіресе далалық қақтығыстарда мұндай шығын болмаған еді. Жақсы қаруланған армия бөлімшелеріне қарсы ұрыс салған қарусыз шаруалардың тағдыры онсыз да белгілі еді. Соған қарамастан, кейбір кездерде олар ерлікпен табанды қарсылық көрсетті.

Мысалы, 1931 жылғы 24 маусымда Үстірттегі Босаға деген жерде ұрыс басталып, ол он сағаттан астам уақытқа созылды. Мырзағалы Танымбаевтың 400 адамнан тұратын көтерілісшілер отряды қондырғылы пулеметтер орнатылган автомашиналарға мінген армияшылар командасымен шайқасып, оларды шеңбер жасап қорғануға мәжбүр етті. Қолайлы биіктікті басып алып, окопқа бекінген олар тактикалық тұрғыдан ойластырылгған шабуыл ұйымдастырды. 60-100 адамнан топ-топқа бөлініп, көтерілісшілер 40 адамдық әскерді толықтай қоршауға алды. Тек көмекке қосымша күш келіп жетіп, желке тұстан қысқаннан кейін ғана көтерілісшілер соғыс аланың тастап кетуге мәжбүр болды. Шығынға және Танымбаевтың өлгеніне қарамастан, көтерілісшілер біржола талқандалудан құтылып кетті. Ал ОГПУ органдары кейін де олардың ізіне түсе алмады.<ref>ұкк мұрағаты, 105-т., №13 мүрағат, 41-п; Біраз уакыт өткеннен кейін, 1962 жылы 8 акпанда жэне 1990 жылы 26 сәуірде кылмыскер ретінде ешкандай айыбы болмағандыктан іс кыскартылган.</ref>.

1931 жылғы шілдеде Адай округіне ҚазОАК-нің хатшысы А. Асылбеков іс сапармен келді. Мендешевпен бірге ол үркіншілерге көмек көрсету және шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін бірқатар шараларды жүзеге асырды. Сенек, Сумса деген жерлерде ол үркіншілердің одан әрі көшуін тоқтатуға ішінара көндіре алды. Алайда аштықтың қысуы, адамдардың өлуі және республикадағы бүкіл ауыл тұрғындары жағдайының ауырлығы оларды қауіптен алыс кетуге итермеледі. Жекелеген шағын қарсылық көрсету топтарының іс-қимылы 1930 жылдың ортасына дейін тоқтаған жоқ.

  1. жылғы желтоқсанда БК(б)П өлкелік комитеті ОГПУ-дын Қазақстандағы уәкілетті өкілі Даниловскийдің арнайы ақпаратын тыңдап, Маңғыстау бойынша құрамында ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Ү. Құлымбетов, өлкелік комитет хатшысы Рогозин және ҚАКСРОАК-нін хатшысы А. Асылбеков бар Саяси комиссия құру туралы шешім шығарды.<ref>Сонда, 11-п.</ref>.Осы комиссияның қызметі арқасында ауа көшу тоқтатылды, ең бастысы адамдарды туған жерін тастап кетуге мәжбүр еткен бассыздық тыйылды. Халыққа азық-түлік және медициналық көмек көрсетіле бастады. Комиссиямен бірге көтерілісші топтың қалдықтарын басу үшін Алматыдан Қазақ ұлттық полкінің Т. Әлиев баскарған отряды жіберілді.<ref>КР ОММ, 30-к., 7-т., 405-іс, 5-п.</ref>. Осы жердің түлегі ретінде ол халықарасында беделді еді. Осы ретте биліктің өз ішкі есебі де бар еді.

Халықтың ауа көшуі мен шаруалар көтерілісті округтің шаруашылығына орасан зор зиян тигізді. Тек Маңғыстау ауданында 1931 жылы көтерілісшілер 41 600-ден астам қой мен ешкіні, 1 200 жылқыны, 900-ге жуық түйені айдап әкетті. Көтерілісшілер шабуылының мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға әкелген шығыны 1 миллионға жуық сомды құрады.<ref>КР ОММ, 30-к., 21-т., 60-іс, 120-п.; КР ОММ мүрағаты, №113 мүрағат, 105-т., 27-34-п.</ref>.

Айналып келгенде осының бәрі қарапайым халықты сорлатып кетті. Үркіншілік және жазалаушылармен тұрақты қақтығыс малдың негізгі бөлігін шығынға ұшыратты. Бәрі өкіметтің қолына түгелдей өткеннен кейін адамдар енді колхоздарға кіргендердің тағдырымен бөлісуі керек болды. Сонымен бір кезде ауа көшуді ұйымдастырғандар мен бүлікшілерді, бұрынғы байлар мен кулактарды анықтап, тұтқындау басталды. Бұрынғы Адай уезіндегі көтерілісті басудың нәтижесінде, контрреволюциялық қызметі үшін деп аталған айыппен сотталғандарды есептемегенде, толық емес деректер бойынша 800-ден астам адам ОГПУ-дың «үштігінің» сотына берілді. Олардың бір бөлігі атылды, 79 адам түрмеде үкім шығарылғанға дейін қайтыс болды, қалғандары әр түрлі мерзімге жазаланды.

  1. жылғы 5 сәуірде Маңғыстау көтерілісінің (адай көтерілісі) 372 қатысушысы қуғын-сүргінге ұшырады. Көтерілісті ұйымдастырушы және басқарушылар ретінде Боқмаш Шоланов, Қарамырза Ембердиев, Рахмен Боқмашев, Демеген Айтжанов, Қойлыбай Алдасүгіров, Өтебай Жанысов, Қойшығұл Жантілеуов, Демберген Ембердиев, Көбеген Құрманов, Қайсар Қайдағұлов, Әмір Нысанов, Қазақ Шинанов, Көбейсін Қуантаров, Жұмабай Үсенов, Лұқпан Сарықүлов және т.б. атылды.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т, 60-іс, 118-п.</ref>.

Республикадан тыс жердегілердің де жағдайы жақсы болмады. Қазақстан басшылығының мәселенің ізін суытпай оларды кейін қайтару жөніндегі әрекетінен ештеңе шықпады. Барлық жердегі сияқты, 1931 жылғы қарашада Қарақалпақстан аумағында қалған 3 мыңға жуық шаруа шаруашылығының да хал-жағдайы нашар болды. Олар негізінен Шалқар, Табын, Арал, Ойыл және Маңғыстау аудандарынан шыққандар еді. Автономиялық облыс басшыларының өтінішіне қарамастан (бұл кезде Қарқалпақстан тікелей РФКСР құрамына кірді. — авт.) оларды бұрынғы жеріне қайтаруды мүмкіндігі болмады. Құжаттардың бірінде айтылғандай, олардың «басмашыларға тоналып, өзінің астық қоры және өндірістік тауарлары болмай, ештеңемен жабдықталмай... аш-жалаңаш күй кешіп отырғаны мәлім болды.<ref>КР ОММ, 30-к., 21-т., 60-іс, 120-п.</ref>. Осының бәрі біреулерін қалған малдарын жергілікті диқандарға су тегін сатуға, екіншілерін малдарын жаппай сойып алуына мәжбүр етті. Тек осы шаруашылықтарды зерттеген Асылбековтің табанды талап етуінің арқасында 1931 жылғы 25 қарашада БК(б)П Қарақалпақ облыстық комитетінің бюросы «салқын түсуіне, малдың арықтауына, көліктің, киіз үй мен жылы киімнің жоқтығына байланысты қысқы уақытта қазақтардың көшіп-қонуына мүмкіндік жоқ деп есептелсін» деген шешім шығарды. 1932-1933 жылдардағы таламат ашаршылық қазақтардың Қарақалпақстаннан оралу мерзімін ұзартты. Қазақстаннан үркіншілікпен келгендердің уақытша мекеніне айналтан басқа өңірлерде де жағдай осындай болды. Олардың көпшілігі республикадан тыс жерлерде қалып оны екінші отаны ретінде қабылдады.

Республика шекарасынан өтіп кетпекші болған, шекаралас аудандар мен облыстарда тұратын халықтың қасіреті де бұдан аз болған жоқ. 1929-1931 жылдарда шекаралас Алматы облысының Балқаш, Шоқпар, Іле, Енбекші қазақ, Бүйен-Ақсу, Сарқант, Жаркент және Бөрібаев аудандарының, Семей облысының Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай, Мақаншы және басқа аудандардың бүлікші ауылдарының едәуір бөлігі Қытай жеріне өтіп кетті. Елден сырт жерлерге (көбіне Қытайдың оңтүстік-батысына) көтерілісшілер басып алған, сондай-ақ дайындау науқаны мен колхоздарға күштеп біріктіру барысында қудаланған ішкі аудандардың халқы да көшті.

Толық емес деректер бойынша, 1930 жылдың басында, яғни шаруалардың толқулары мен көтерілістері жаппай белен алған кезеңде Қазақстан бойынша өзінің бұрынғы тұрғылықты жерінен 281 230 шаруашылық қоныс аударды, оның ішінде 83 мыңы Қытайдың солтүстік-батысы мен Ауғанстанға көшті. Құжаттарға қарағанда осы үркіншілікті кезеңде және одан кейінгі жаппай ашаршылық жылдарында тек қазақ ауылдар ғана емес, қоныс аударып келген орыс деревняларының тұрғындары да қоныс аударған.<ref>КР ОММ мүрагаты, №1 мүрағат, 158-т., 49-іс, 1 т., 12-п.</ref>. Атап айтқанда, осы кезеңде республика аумағынан көшіп кеткен шаруалар шаруашылықтарының саны төмендегідей.<ref>Сонда, №17 мүрағат, 105-т., 3-п.</ref>.

Шекаралас аудандарда әскери бөлімшелерінің желісі жиі орналасқандықтан, көтерілісшілер және оларға ілескен халық қиын жағдайда қалды. 1930 жылғы көктемде Алматы округінің Бүйен-Ақсу, Сарқант және басқа аудандарының шаруалар көтерілісі тек тұрақты әскер бөлімшелерімен ғана емес, әскери әуе күштерінің қолдауымен де басылды.

1930 жылдың басында көтерілісшілер қозғалысы Алматы округінің көпшілік аудандарын қамтыды. Осыған байланысты, әсіресе, Қытаймен шектес аудандарда ірі оқиғалар етек алды. Бүйен-Ақсу, Сарқант, Алакөл, Лепсі, Жаркент, Талдықорған, Октябрь, Кеген, Бөрібаев аудандарының көптеген ауылдары көтерілісшілер айматында қалды.

1930 жылғы ақпан айында №3 ауылдың бұрынғы болысы Бисетай Қылиевтің басқаруымен Бүйен-Ақсу ауданының № 1-4,6-, 12-, 13-ауылдарының 500-ге жуық тұрғындары көтеріліске шықты. Оларды М. Бурханов, Р. Бітібаев, С. Өтегеновтер басқарған Қаратал және Сарқант аудандары ауылдарының тұрғындары қолдады.

ОГПУ-дың жедел топтарының ізге түсуіне қиындық келтіретін Ақжал құмына (Қапалдан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырым) өтіп, көтерілісшілер әр түрлі рулар өкілдерінен ақсақалдар кеңесін құрды, бұдан ертеректе Қытайға көшіп келген қазақ ауылдарымен байланыс орнатты. Ақсақалдар кеңесінің мақұлдауымен Б. Кылиев жақын мандаты Арасан, Қызылағаш, Ақсу, Абакумов, Қапал ауылдары мен селоларын басып алуды көздеп оған жауынгер топтарын аттандырды. Осындай топтардың бірін көтерілісшілер жетекшісінің бауыры Қалдыбай Қылиев басқарды, ол 1930 жылғы 27 наурызда аудан орталығы Ақсуды ұрыссыз алды. Оған жолшыбай басқа ауылдардың тұрғындары келіп қосылады. Көтерілісшілер Ақсуда ауданның барлық басшыларын, оның ішінде аудандық партия комитетінің хатшысы А. Ибрагимовты (кейін өлтірілді), аудандық атқару комитетінің төрағасы К. Баксинді, судья К. Шымырбековты және басқаларын тұтқындады.

Округ орталығымен байланыстың бәрі үзілді. Көтерілісшілер басып алған аудандардағы жағдай күннен-күнге асқына түсті. Сондықтан ОГПУ-дың Қазақстандағы өкілетті уәкілі Даниловский ауданға жедел түрде бірнеше әскер эскадроның, сондай-ақ жұмысшылар мен партия-кеңес белсенділерінен құрылған отряд жіберді. Сонымен бір мезгілде Алматыдан жағдайды барлап қайту тапсырмасымен ұшақтар ұшып шықты.<ref>Әлиев Төлесін Нүрмағамбетүлы (1892-1941) - Красноводскіде дүниеге келген, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және Азамат соғысына қатысқан, 1920 жылдан Компартия мүшесі. Ә. Жангелдиннің отрядына Форт-Александровск мен Үстірт арқылы Ақтөбе майданына қару-жарақ апаруға көмектескен. 1923-1928 жылдары Адай уезінде әскери комиссар және уездік партия комитетінің хатшысы, халық комиссары, «Қосшы» одағының төрағасы қызметтерін атқарған. 1928-1930 жылдары Қарақалпақстанда әскери комиссар, 1931-1933 жылдары қазақ ұлттық полкінің командирі болған.</ref>.

Жазалаушылардың шыққаны туралы хабар алған Б. Кылиев: «Біз қанның төгілуіне қарсымыз, қаруларыңызды тапсырыңыздар» деген талаппен халық сотының бұрынғы қызметкері З. Бегишевті жазалаушы отрядпен кездесуге жіберді.<ref>Сонда. №1 мұрағат, 158-т., 49-іс, 1 т., 12-п.</ref>. Алайда арада екі күн өткен соң жазалаушы отряд екі сағатқа созылған ұрыстан кейін көтерілісшілерді Ақсудан қуып тастады.<ref name="Сонда"/>. Б. Қылиев Ақжал құмына шегінді.

Сонымен бірге 1930 жылғы 27 наурызда көтерілісшілердің Қожахмет Әділбеков басқарған екінші бір тобы да Сарқант ауданындаты Арасан селосын ұрыссыз алды. Село тұрғындарының жиналысында көтерілістің басшыларының бірі Кали Мәмбетов: «Кеңес өкіметі халыққа қайыршылық пен аштық әкелді, адамдар өлуде, бүкіл Түркістан көтерілді. Айналамыздың бәрін көтерілісшілер басып алды, бізге қосылтандарыңыз жөн» деп мәлімдеді. Село халқы (негізінен орыстар) бұл үндеуді қызу қолдады. Сол күні кешкілік 200 адам, оның ішінде 20 орыс, Қапал станицасын басып алды. Мұнда олар милиция мен ОГПУ органдары тұтқындаған шаруаларды босатты. Келесі күні жетіп үлгерген жазалаушы отрядпен арада ұрыс болды. Ірі калибрлі пулеметпен атып, бомба тастап әскери авиация көтерілісшілерге әуеден соққы берді. Қатары 400 адамға дейін көбейсе де, көтерілісшілердің кері шегінуіне тура келді.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 76-іс, 21-п.</ref>.

Көтерілісшілер Абакумов селосына да басып кірді. Ауылдар мен селоларда өкімет органдарының өкілдері мен олардың белсенділерін дайындау науқандары жөніндегі уәкілдерді тұтқындады, ауылдық кеңестер мен колхоздардың құжаттарын өртеді. КазОАК-нің мүшесі К. Буланов, Бүйен-Ақсу аудандық аппаратының қызметкерлері А. Болдақбаев, П. Тарасов және басқалары көтерілісшілердің қолынан қаза тапты. Тек теміржолшы-жұмысшылар мен партия-кеңес белсенділері қатарынан құрылған отрядтардың, сондай-ақ қызылармияшылардың жетіп үлгеруі ғана көтерілісшілер козғалысының одан әрі өрістеуіне мүмкіндік бермеді. Жазалау операцияларын барлау үшін қарусыз адамдарға қарсы әскери ұшақтарды пайдалану да істің он шешілуіне көмектесті.

Көтерілісшілер Ақсу-Сарқант жолын ұзақ уақыт бойы өз бақылауында ұстады. 1930 жылғы 27 наурызда Қызылағаш селосында Мүкей Дулатов пен Құдайберген Байдашев басқарған көтерілісшілер (400-ге жуық адам) жергілікті кооператив ғимаратында Жаркенттен жолды күзету үшін келген қызылармияшылар тобын қоршап алды. Кооператив мүшелерімен және жергілікті белсенділермен бірге қызылармияшылар айнала қорғанысқа көшті. Алайда тек шиті мылтықпен ғана қаруланған көтерілісшілер оларды басып ала алмады. Қоршау төрт тәулікке созылды. Ұшқыштардың көтерілісшілерді әуеден пулемет оғымен атқылап, қырғынға ұшыратқанының арқасында қызылармияшылар шабуылға төтеп бере алды. Келесі күні ұшқыштар тағы да екі қайтара көмекке келді. Көп ұзамай атты әскер эскадроны жетіп үлгеріп, олар көтерілісшілерді кері шегінуге мәжбүр етті. Осы ұрысқа қатысқандардың көпшілігі тауға барып жасырынды, кейбірі Б. Кылиевке келіп қосылды.

Көтерілісшілердің Бүйен-Ақсу ауданының орталығын, Қапалды, Абакумовты, Қызылағашты және Талдықорғанға іргелес басқа да елді мекендерді басып алуы және тікелей қалаға қауіп төндіруі ОГПУ органдарынан барынша қатал жазалау шараларын қолдануды талап етті. Ескерту ретінде көтеріліске қатысушыларды тұтқындау және ұстау шаралары басталды. 1930 жылғы 11 сәуірде әскери отряд Б. Қылиев пен М. Дулатовтың басшылығымен Ақжал құмы мен Керейқұмда жасырынып жүрген 500 көтерілісшіге қарсы жазалау операциясын бастады. Бірінші күні ұрыста өзінің бір бөлігінен айырылған көтерілісшілер шекараға қарай кетті. Алайда 13 сәуірде соңына түскен эскадрон оларды біржола жоя алмады. Тек 15 сәуірде күшейтілген әскери отряд көтерілісшілерді шекара маңында қуып жетіп, оларды толық талқандады. Көтерілісшілердің көпшілігі ұсталып ОГПУ органдарына тапсырылды. Осы ұрыстарға құрамында ұшқыш В. Каминский, бортмеханик Ф. Литманов және бақылаушы-ұшқыш И. Мазуруктан тұратын ұшақ экипажы қатысып, көтерілісшілердің талқандалуын тездетті. ОГПУ-дың «бандиттерді жоюда сіңірген еңбегі үшін» марапаттауға ұсынылған рапортта атап көрсетілгендей, ұшақ экипажының бірталай уақыт дерлік көтерілісті басуға қатысқаны және шекарадан өтіп кетпек болған көшке әуеден оқ жаудырып, бомбылап, жолын кескендігі баяндалды.<ref>Сонда, 21-п.</ref>. Экипаж мүшелерінің бірі Илья Мазурук кейін челюскиншілерді құтқарғаны үшін алғашқылардын бірі болып Кеңес Одағының Батыры атанды, Солтүстік полюс пен Антарктидаға жасалған көптеген экспедицияларға қатысты, оған авиация генерал-майоры шені берілді.

Жетісудың шекаралық аудандарында Қытайға көшіп кетумен жалғасқан шаруалар қарсылығы ұзақ уақытқа дейін созылды. Шекарашылар мен тұрақты әскер құрамдарының қатаң бақылауда ұстауына қарамастан шекарадан өтіп кетуге тырысушылық тұрақты сипаталды. Үлкен топтарға бөлініп, малдарын айдап, ауа қашқандар қаншама қиындықпен болса да, бұлар үшін тозаққа айналған республикадан кетуге бар күшін салды. Қалайда құтылып кету үміті асықтырған олар сол бойда шекарашылардың қолынан қаза тапты немесе ОГПУ-дың құрығына ілікті. Мәселен, 1930 жылдың соңында Сейітбаттал Түгелбаев пен Шоқан Елеусізов басқарған көтерілісшілер тобы Қапалды тастап шегінген бойда кеңес-қытай шекарасына беттеді. Жолшыбай оларға Баласаз, Ащыбұлақ, Бүйен және басқа ауылдардың тұрғындары қосылды. Сарытау шатқалындағы қалың қар көшкініне тап болып кідіріп тұрғанда, 4 сәуір күні оларды әскери отряд қуып жетті. Ұрыс жеті сағатқа созылды. 68 адамынан айырылған көтерілісшілер амалсыз берілді. Олардан 28 винтовка, 6517 бас мал алынды. 517 адам тұтқындалып, ОГПУ «үштігінің» сотына берілді, оның 108-і атылды.<ref>қр үкк мұрағаты, №112 мұрағат, 11-іс, 1 т., 22-п.</ref>. Көтерілісшілер үшін қайғылы аяқталған осындай операциялар көп болды.

Кейбір аудандарда көтеріліске шыққан шаруалар, егер біз ұйымдасып қимылдасақ жұмысшы-шаруа мемлекеті өзінің бассыздық әрекеттерін тоқтатпады, әділеттілік орнайды деп ойлап, өзін-өзі басқару органдарын кұрып, сол арқылы өкіметке ықпал етуге тырысты. Алматы округі Балқаш ауданының шаруалары осылай істеді. 1930 жылғы 3 сәуірде № 1-3 және 10-ауылдардың колхоздарға күштеп тартуға және астық т.б. азық-түлік пен шикізат түрлері салғыртына наразылық көрсеткен тұрғындары көтеріліске шықты. Салық төлемеген шаруалардың ісін қараған халық соты көшпелі сессиясының мүшелерін тұтқындап, көтерілісшілер аудан орталығы - Ақкөл селосына бет алды. 1930 жылғы 6 сәуірде 400-дей адам селоны басып алды. Оларды Шоқпар ауданы ауылдарының бірқатар тұрғындары қолдады.

Көтеріліске Әбдібек Нұрабаев, Көмербай Қармысов және басқалары басшылық жасады. Аудан басшылары (аудандық комитеттің хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, милиция бастығы, халық судьясы және т.б.) ешқандай қарсылық көрсетпестен (кейін сол үшін сотқа тартылды) өз еріктерімен берілді. Жалпы жиналыста көтерілісшілер жергілікті атқарушы билікті таратып, алты адамнан «ауданның уақытша үкіметін» сайлады. Оны Нұрабаев басқарды. Көтерілісшілер жаңа үкіметтің қызметін бақылау үшін алты адамнан тұратын комиссия құрды.<ref>Сонда, 25-п.</ref>.

16 сәуірге дейін аудан көтерілісшілердің қолында болды. Осы уақыт ішінде олар қорғаныс қарулы отрядын жасақтады, халықтан жиналып алынған 1000 пұт астықты, кооператив мүліктерін бөлісті, атқару комитеті мен сот құжаттарын, астық, ет және т.б. тапсыру тізімін және басқа құжаттарды өртеді. Ауыл шаруашылығы техникасы мен құралдарға зор зиян келтірілді. ҚазОАК-нің төрағасы Е. Ерназаров басқарған үкіметтік комиссияның материалдары бойынша бүлікке қатысушылар халықтың кедей және орташа тобы болды. Және «ауданның уақытша үкіметі» солардың бастамасымен құрылды.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 13а-іс, 213-214-п.</ref>. Жиналыста халық оған Алматыға өкілдер жіберу үшін орталықпен байланысуды тапсырды. Жиналысқа қатысушылар Алматыға бартанда олар республика үкіметін бұлардың «Кеңес өкіметіне қарсы шығып отырмағанын, тек тез арада жойылуы тиіс асыра сілтеушілікке наразы екендіктерін» айтып сендіруі тиіс деп есептеді. Алайда Алматыдан әскери отряд келе жатқанын білген көтерілісшілер екі жарылды. Большевиктер мен Кеңес өкіметіне сенбейтіндер Желтороты аралындағы адам баруы қиын маңға жасырынды немесе ауыл-ауылдарға тарап кетті. Олар, кейінгі екі апта ішінде атыса отырып, әскери отрядқа қатты қарсылық көрсетті. Көтерілісшілердің екінші бөлігі халықпен бірге Алматыдан келген ОГПУ-дың 8-атты әскер эскадроның 1930 жылғы 16 сәуірде нан және тұзбен қарсы алды.<ref>КР ҮКК мұрағаты, №49 мұрағат, 158-т., 1 т., 61-64-п.</ref>.

Үкімет комиссиясы «ауданның бүкіл халқы сайлаған үкіметті» таратып, Кеңес өкіметін қалпына келтірді. Жағдаймен егжей-тегжейлі танысқаннан кейін көтерілісшілер мен халықтың қойған талаптары толық расталды. Комиссия өз шешімімен күштеп ұйымдастырылған барлық колхоздарды таратты. Шиеленісті босансыту үшін басқа да шаралар қолданылды.<ref>Сонда, 65-п.</ref>. Үш күннен сон халық 300-ден астам шиті мылтық пен винтовкалар тапсырды және тонап алған мүліктерді қайтарды.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 13-іс, 114—114-п.</ref>. Алайда 57 адам сотқа тартылды, оның 30-ы атылды. Мемлекет халықты тыныштандыруға қанша тырысқанмен, бір жылдан кейін - 1931 жылғы наурызда көтеріліс қайта басталды, ол жазалау операцияларын күшейту арқылы басылды.<ref>КР ҮКК мұрағаты, №49 мұрағат, 150-т., 1 т., 69-п.</ref>.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, шаруалар көтерілістеріне тек қазақтар ғана емес, селолардағы орыс тұрғындары мен станицалардың қазақтары да қатысты. ОГПУ-дың мәліметтері бойынша Қазақ АКСР-інде 1929-1932 жылдары наразылықтар мен толқулар Петропавл, Ақмола, Павлодар, Семей және басқа округтардың көптеген селоларын қамтыды. 1930 жылдың көктемі мен жазында Ақтөбе округінің Новороссийск ауданында Ивашенконың, Ақмола округінің Қорғалжын ауданында Пашковтың көтерілісшілер тобы әрекет етті. Осындай бірнеше топ Павлодар округінің Сейтен ауданында да жазалаушылардың назарына ілінді. Қарсылық Алматы округінің бұрынғы Лепci ауданында да ұйымдастырылды. Сол кезде Петропавл округінің Адамов селосында 29 адамнан тұратын осындай топ таратылды.<ref>Сонда, 99-101-п.; КР ҮКК, 5-к., 21-т., 39-іс, 21-29-п.</ref>. Көтерілісшілердің кейбір ұсақ топтары, негізінен ішкі аудандар аумақтарында, қылмыстық топтарға айналды. Көтеріліске шығуға негізінен кеңестік биліктің шаруаларды жаппай қудалау әрекеттері себеп болды. Қазақтар мен орыстардан тұратын бірқатар көтерілісші топтар ОГПУ органдарының ұзақ уақыт бойы мазасын алды (мысалы, Сейтен, Қорғалжын және басқа аудандарда).

Қарсылық, әсіресе, Шығыс Қазақстанның орыс тұрғындары арасында кең өрістеді. Шаруа шаруашылықтарын күйзелту, шексіз салық салу мен артық астықты күштеп тартып алу және басқа шаралар орыс халқы мен Қазақ халқын бірдей ашындырды. Мәселен, 1930 жылғы ақпанның соңында бұрынғы Семей округінің Өскемен, Зырян және Самар аудандарының бірқатар селоларында қарулы көтеріліс бұрқ етті. Көтерілісті бұрынғы ұстаз, Азамат соғысына қатысушы, көзқарасы БК(б)П қатарында болуға сай келмегендіктен, яғни әсерлерге бүйреті бұратындықтан 1926 жылы большевиктер партиясы қатарынан шығарылған Федор Дорофеевич Толстоухов ұйымдастырды. Азамат соғысы кезінде ол Шығыс Қазақстанға белгілі «Тарбағатайдың қызыл тау қырандары» деп аталган партизандар полкі командирінің орынбасары қызметін атқарды. 20 жылдары Қызыл Армия қатарында болды, содан кейін Орал мен Қиыр Шығыста жұмыс істеді, ал 1929 жылы Самар ауданының Братск селосына келіп, тұрақты қоныс тепті. Қайсыбір жылдары Кеңес өкіметін орнықтыруға белсенді қатысқан Толстоуховтың көзқарасы кейіннен өзгеріске ұшырады. БК(б)П-ның, әсіресе ұжымдастыру саласындағы саясатын іштей қабылдамауы, шаруа шаруашылықтарының қиратылуы мен жаппай күйзеліске ұшырауы оны большевиксіз Кеңес өкіметін құру идеясына итермеледі. Сөйтіп ол шаруа шаруашылықтарының еркін дамуын қамтамасыз етуте болады деген пікірге келді. Осы ойын жүзеге асыру үшін партизандық соғыс тәжірибесін пайдаланып, ол шаруаларды большевиктік билікке қарсы күресуші басты күш ретінде көтеруді ойластырды.

Көтеріліске дайындық 1929 жылғы күзде басталды. Толстоухов пен оның серіктері Өскемен, Зырян және Самар аудандарының селоларында жасырын ұялар мен топтардың кең тармақталған желісін құрды. 1930 жылғы ақпанда көтерілістің ұйымдық жұмыстары аяқталды. Штабтың шешімімен бірлесіп іс-қимыл жүргізу үшін қазақ ауылдарымен байланыс орнатуға әрекет жасалды. Алайда бұл жұмыс аятына дейін жеткізілмеді, ОГПУ органдарының көтеріліс ұясын тұтқындау шаралары бұған кедергі келтірді.

Көтерілістің басталуы

1930 жылдың 20 ақпанына белгіленген көтеріліс бәрібір басталды. Тұтқыннан қашып шыққан Толстоухов оған тікелей басшылық жасады. Михайловқа, Пантелеймон, Мякотиха селоларында оның тікелей қатысуымен қорғаныс шебі құрылды. Шаруалар көтерілісі аталған ауданның басқа да бірқатар аудандарында орын алды.

Көп ұзамай көтерілісті басу үшін ОГПУ әскері мен Қызыл Армия бөлімшелері келді. Табан тірескен қарсылыққа қарамастан көтеріліске қатысушылардың тағдыры шешілді: әскери отрядтармен ұрыста 300-ге жуық адам өлді. Толстоухов жанындағы 13 адамымен Қытайға қашып кетті.

Алайда Толстоухов бастаған көтерілісшілерді қытай өкіметі тұтқындап, оларды біраз уақыт Шара-Сумэ (Алтай округінің орталығы) қаласының түрмесінде ұстады. Шетелден ақ эмигранттардың қаржылай және қарумен көмек көрсетеміз деген уәдесіне сеніп, Толстоухов жаңа көтеріліс дайындау үшін көп ұзамай жасырын түрде Самар ауданына қайтып оралды. Осы жолы ол шаруалар көтерілісін ұйымдастыру идеясынан бас тартып, әуелі Өскеменнен Риддер қалаларының жұмысшылары мен қала халқына сүйенді, тек содан кейін ғана ауылдарды көтеруге үміттенді. Алайда осы ниеті де онша қолдау таппады, ақыры ОГПУ органдары оның жолын кесті. Зырян ауданында Бұқтырма аралшығына жасырынып жатқан жерінде 1930 жылғы 28 қыркүйекке қараған түні ОГПУ жедел тобы торуылмен үстінен түсіп, атып өлтірді.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 39-іс, 23-23-п.</ref>.

Толстоуховтың ісі бойынша 222 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның 35-і атылды. ОГПУ органдарының Толстоуховтың қазақ ауылдары арасындағы серіктерімен кең байланысын анықтау жөніндегі әрекетінен ештеңе шықпады. Дегенмен, сотталғандардың ішінде көтеріліске бірлесе шығу жөнінде келіссөз жүргізді деген айыппен Күршім ауданының қазағы Нұрғали Самаев та болды.<ref>Сонда, 28-п.</ref>.

Шаруалардың 1930 жылдың соңына қарай саябыр тартқан толқулары 1931 жылдың ақпан-наурыз айларында қайтадан серпін алды. Бұл жолы 15 айлық мал дайындау жоспарын орындау науқаны бұған басты себеп болды. Ұжымдастыру және кулактар мен байларды жою жөніндегі шаралар мемлекетке шаруалардан малдарын, артық астығын және т.б. тартып алуға кең мүмкіндік берді. Алайда оны ұзақ жалғастыруға болмайтын еді, өйткені ауыл мен деревняның ресурстары әбден сарқылып бітті. Ауыл шаруашылығындағы ірі олкылык қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуге анық қауіп төндірді, оның келешек зардабы өте ауыр еді. Сондықтан 1930 жылдың күзінде КСРО Үкіметі жабық отырысында қалаларды, әсіресе өнеркәсіп орталықтарының және салынып жатқан өнеркәсіп орындары мен көлік саласының жұмысшыларын азық-түлікпен, бірінші кезекте етпен қамтамасыз ету қарқынын арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте бар салмақ Қазақстанға түсті.

1931 жылғы 19 қаңтарда Өлкелік партия комитетінің бюросы отырысында Мәскеуден БК(б)П ОК мен КСРО үкіметі мен КСРО Жабдықтау халық комиссариатының өкілі ретінде келген А.И. Микоянның және БК(б)П ОК-нің мүшелігіне кандидат Н.П.Чаплиннің <ref>Николай Павлович Чаплин (1902-1938). 1924-1928 жылдарда БЛКЖО OK Бас хатшысы, кейін партия кызметінде болды, қуғындалып, 1938 жылы атылды. - Ред.</ref>. табанды талабымен бүкіл 1931 жылға белгіленген мал тапсыру жоспарының 70%-ын Қазақстанның дереу сол жылғы бірінші тоқсанда қамтамасыз етуі жөнінде ақылға сыймайтын шешім қабылдады.

Өзінің талабын Микоян етті көктем келгенше, қысқы аяз кезінде жылдам тасып алу қажеттігімен негіздеді.<ref name="Сонда"/>. Осы кезде Қазақстанның көпшілік аудандарында Мәскеудің өкілдері ала қоймақшы болған малдың саны жоқ та еді. Дегенмен, аудандарға шаруалардың нақты мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары тапсырмалар берілді. Мұның өзі шаруалар тарапынан жаңа қарсылықты тудырды.

Бұл арада тағы бір шектен шыққан әділетсіздікті айтқан жөн: қолда бар барлық малды алып қойып, билік тіпті оның орнын толтыруға тиісті төлемдерді қайтаруға мән берген де жоқ. Кезекті науқанның — жүн, сүйек, мал шаруашылығы шикізатын және т.б. дайындау сияқты көтеріңкі жоспарлары да болды. Шалғайдағы аудандармен оның алдындағы мал тапсыру шарты бойынша есеп айырыспағаны өз алдына, онда осы үшін әкелінуге тиіс ең қажетті тауарлардың өзі де жеткізілмеді. Осының бәрі аштықтан сөзсіз қырылу қорқынышын жақындата түсті, сөйтіп халықты амалсыз қарсылық көрсетуге мәжбүр етті.

1931 жылғы дайындау жоспарының республикадағы нақты мал санының ескерілмей жасалғанын мынадай фактілерден көруге болады. Жоғарыда аталған, он бес айлық жоспарды орындау кезінде жекелеген шаруашылықтардан, ауылдардан, тіпті тұтас аудандардан шаруалардың қолындағы ең соңғы азық үшін сақтап отырған малы түгелдей сыпырылып алынды. Мысалы, Алматы облысының Аягөз ауданына 65 194 қара мал тапсыру міндеттелді, ал ауданда барлығы 46 820 қара мал болды. Осы ауданның 92 қара малы бар «Коммунар» колхозына 87 қара мал тапсыру жоспары белгіленді. Ақмола ауданының «Харьков» колхозы 135 бас қара мал тапсыруы тиіс болды, ал қолда 242 бас ғана қара мал бар еді.<ref>КР ҮКК мұрағаты, №49 мүрағат, 15-т., 1 т., 99-п.</ref>. Мұндай жағдай бүкіл республикаға тән болды.

Мал тапсыру жоспары ұлғайтылғандықтан мал шаруашылығымен айналысатын қазақ аудандарының барлық шаруашылықтарына түгелдей дерлік салық салынды. Жоғарының қысымымен жергілікті қызметкерлер берілген жоспарды қалай болса да орындауға тырысты. Мәселен, Қарқаралы округінің шаруашылығы толықтай тұралаған осы аттас ауданында, аудандық атқару комитетінің төрағасы Құрманғалиев мал жинау жоспарын 24 сағаттың ішінде орындауды талап етіп, ауыл қызметкерлерін соққыға жыққан. Осы округтің Шет ауданында өрісте жүрген малдарды қуып әкеліп, оның кімдікі екенін тексеріп жатпастан, жоспарды бір күнде орындаған. Қарқаралы ауданында белсенділерден малды халықтан тартып алуды және ол малды қабылдау пунктіне айдап әкелуді талап еткен. Аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Бошығалиев оларға: «70 сиыр әкелмеген, яғни малды аз әкелген белсенділер малдың орнына өздері барады» деп мәлімдеген. Ал малды аз әкелгені үшін олар белсенді Түтібаевты оңдырмай сабаған, басқа бір белсенді Шақшиевті арбаға таңып қойып, өлтіре ұрған. Осы ауданның «Кедей» колхозында 308 шаруашылықтың 297-іне дербес салық салынған және олардың малдары тартып алынған.<ref>Сонда, 237-240-п.</ref>. Осыған ұқсас мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Сөйтіп, 1931 жылғы көтеріліс дайындау науқанының бүкіл бойында жүріп отырды. 1931 жылғы ақпан-наурызайларында көтеріліс Қарқаралы округінің Абыралы, Ку, Шет және Жаңаарқа аудандарын, Семей округінің Қызылжар, Көкпекті, Шыңғыстау, Шұбартау және басқа аудандарын қамтыды. Алматы округының Балқаш ауданында тағы да бүлік бұрқ етті. Шаруалардың қарсылығы Ақтөбе және Гурьев округтерінде де көрініс тапты. Көтеріліс пен толқулар республиканың бірқатар аудандарында 1931 жылдың жазында да тоқтамады. Нәтижесінде, бұрынғысындай, халықтың ауа көшуі Алматы, Талдықорған, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарында одан әрі жалғасты. Аштық пен биліктің қыспағында қалған халық одан шет елге асып кетіп құтыламыз деп үміттенді.

Ішкі аудандардағы көтеріліске қатысушылар бұдан да ауыр, сергелден жағдайда қалды. Олар барлық жағынан қоршалды және атты әскерлердің қылышпен қынадай қырған шабуылдарына жиі үшырады. Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау және басқа аудандар 1931 жылғы көктемде осындай күй кешті.

Жоғарыда атап көрсетілгендей келеңсіздік 1931 жылғы көтерілістің ширығу кезеңінің бүкіл барысында туындады. Мысалы, Абыралы ауданына жоспарланған дайындау көлемінен 2,5 есе көп мал тапсыру жөнінде тапсырма берілді.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 41-іс, 24, 65, 70-72-п.</ref>. БК(б)Г1 аудандық комитетінің хатшысы Н. Маметековтың жоғары тұрған билік органына мұндай жоспардың мүмкіндікке мүлдем сәйкес келмейтінін дәлелдегісі келген әрекетінен ештене шықпады. Тек сәл кейін, Алматыда БК(б)П өлкелік комитетінің пленумына қатысқанда өз пікірін табандылықпен дәлелдеп, дайындау жоспарын түзетуге қол жеткізді. Бірақ бұл цифрдың өзі қолдағы мүмкіндіктен жоғары еді: бюрократтық мінбеден жасалған жоспар бойынша аудан тұрғындарына бұрын жоспарланған 8745 тонна еттің үстіне тірілей салмағы 3379 тоннаға тең мал тапсыру жүктелді. Халықтың қолындағы барлық малды сыпырып алғаннын өзінде аудан бәрібір бұл тапсырманы 100% орындай алмас еді.<ref>КР ҮКК мүрагаты, №8065 мүрағат, 6 т., 270-282-п.; №49 мүрагат, 158-т., 1 т., 75-80-ІС.</ref>. Маметеков ауданға оралғанша жергілікті басшылар мен белсенділердің әбден титығына тигеніне шыдамаған халық көтеріліске шықты.

1931 жылғы 12 ақпанға қарай көтеріліс ауданның барлық ауылын дерлік қамтыды. Әсіресе 2-12- және 14-ауылдардың тұрғындары ерекше белсенділік көрсетті. 1931 жылғы Нақпанда ауданның шығыс бөлігінде орналасқан ауылдардың 700-ден астам тұрғыны Қосқан Бітібаев, Түскей Смағұловтың және басқаларының басшылығымен аудан орталығы — Қайнар селосын басып алмақшы болды. Бірақ қорғаныс отряды әуелі көтерілісшілердің жолын кесіп, содан соң өздері шабуылға көшті. Ауыл-ауылға қашқан шаруалардың үсақ топтары қарсылық көрсеткенмен, 1931 жылғы маусымға қарай ОГПУ әскери отрядтары оларды біржола талқандады.<ref>Сонда, 81-83-п.</ref>.

Алайда Абыралы ауданының солтүстік-батыс бөлігіндегі (Қарқаралы ауданымен шектес жердегі) оқиға басқаша сипатта өріс алды. Көп ұзамай 6-ауылдың шаруасы Ысқақ Кемпірбаевтың <ref>КР ОММ, 30-к., 7-т., 98-ic, 7-п.</ref>. басшылығымен құралған көтерілісші топ ауылға өз бақылауын орнатты. Олар мал дайындау жоспарын орындауға бар күшін салған уәкілдерді тұтқындады, ауылдық кеңестің істерін өртеді.

Азаматтардың бас қосқан жиындарының бірінде сөйлеген сөзінде Кемпірбаев былай деді: «Көтерілісші азаматтар! Біздің алдымызда қиын, бірақ қасиетті міндет - тонаушылардың бірі Сталин басқарған кеңестік езуші билікті құлату міндеті тұр. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы тонаушылық саясатының мәні мен міндеттері туралы айтудың қажеттігі жоқ. Кеңес өкіметінің өзі сөзбен емес, іс жүзінде өзінің осы саясатының мәнінің қандай екенін көрсетті. Алысқа бармай-ақ таяудағы өткенімізге көз салып байқайықшы: 1928 жылы осы саясатты іс жүзінде жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды, Кеңес өкіметі қауқарсыз болғандықтан мұны одан ерте бастай алмады. 1928 жылғы «ірі бай шаруашылықтар» деген атаумен тәркілеу Қазақстанның экономикасына қатты соққы болып тиді, біздің алдынғы қатарлы, парасатты азаматтарымыз бұдан әлдеқайда бұрын болжаған тонау басталды. Сіздердің баршаңыздың естеріңізде болар, 1928 жылы-ақ біздің ғалымдарымыз былай деді: «Алдымен «ірі байларды» тәркілейді, сосын «ұсақ байларды» іздеп тауып, оларды кедейлендіреді, содан соң «орташаларды» қолға алады және ақыр соңында «кедейлердің» өзіне ауыз салады...».

Кеңес өкіметінің саясатының мәні осындай, өзгеше болуы мүмкін емес, өйткені ол жеке меншікті құртады, сөйтіп жұмыс істемей, жалқауланып, басқа ауқатты адамдардың есебінен күн көргісі келетіндерге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай саясатпен алысқа бара алмайтының табиғи нәрсе, солай болып шықты да... Кеңес өкіметі байларға қоса, орташалар мен кедей шаруашылықтарды тәркілеумен бірге сөз жүзінде социализмге бағытталған, іс жүзінде жаппай азып-тоздыруға жетелейтін, шаруашылық-саяси науқан деп аталған бірқатар дайындау науқандарын енгізді. Ақиқатын айтыңыздаршы, барлық дерлік кедейлер мен жарлы-жақыбайды жұрдай қылған қазіргі ет дайындау науқанынан-ақбұл айқын көрініп тұрған жоқ па. Сәл қарсылық жасасан - тұрме, «контрреволюция», ату және т.б. Бұдан әрі де еңсеміз түсіп, осылай қимылсыз отыра береміз бе, көтеріліс өрті бүкіл КСРО-ны шарпып барады. Бой тасалау - Алла алдында да, қазақ халқының алдында да қылмыс. Біздің міндетіміз - жан аямай және аяғына дейін күресу».<ref>Сонда, 20-п.</ref>.

Ұрыстардың бірінде көтерілісшілер, ОГПУ-дың аудандағы уәкілі А. Жамалитдиновпен қоса, коммунарлар отрядын қолға түсірді. Көтерілісшілер қолынан бір ғана адам - аудандық атқару комитетінің ет дайындау жөніндегі уәкілі Т. Аралбаев қайтыс болды. Тергеуқұжаттарында айтылғандай, С. Кемпірбаевтың өзінің мүліктік жағдайы мынадай: оның 3 аты, 2 сиыры, 12 ешкісі мен киіз үйі болған, яғни шын мәнінде орташалар қатарына жатқан.

Көп ұзамай ОГПУ-дың Семейдегі уәкілетті өкілі А.Чупин бастап келген ОГПУ-дың Семей атты әскер дивизионының бб-төтенше отряды, Қарқаралыдан жіберілген ОГПУ-дың уәкілетті өкілі Иерусалимов басқарған отрядпен бірігіп көтерілісті аяусыз басып тастады. Бұл ретте Иерусалимовтің отряды (құжаттарда көрсетілгеніндей) 17 адамды қырып салды, олардың көпшілігі кінәсіз, көтеріліске қатысы жоқ адамдар болатын. Көтерілісті басу барысында осы ауылдарда көтерілісшілер жағынан 47 адам өлтірілді. Кемпірбаевтың ісі бойынша 274 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 86-ы атылды.<ref>КР ОММ, 5-к., 21-т., 65а-іс, 47-п.</ref>.

Басқа бүлік шықан аудандардағы көтерілісшілер де осындай күй кешті. Көтеріліс басылғаннан кейін Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында КазОАК-нің төрағасы Ерназаров басқарған үкімет комиссиясы жұмыс істеді. Алайда комиссия жұмысы да, кейінгі дайындау жұмыстарын тәртіпке келтіру жөнінде қабылданған шаралар да жағдайды өзгерте алмады. Болмай қоймайтын апат қаупі төніп келе жатты.

1931 жылы көтеріліс республиканың басқа да аудандарын қамтыды. Көкпекті, Ақсу, Қастек және басқа бірқатар аудандарда шаруалардың көтерілуі қайғылы оқиғалармен аяқталды. Республикадан тыс жерлерге көшу толастаған жоқ.

«Қуғын-сүргін мен аштықтан бас сауғалап, тыныштық орнаганнан кейін жат жерден қасиеггі ата-баба жұртына қайта оралу үмітімен» Қытайға кетті. Тірі адамдардан тұратын нысананы қалт жібермейтін мергендер арасында ОГПУ әскерінің Жаркент шекаралық отрядының жас пулеметшісі, КОКП QK-нің болашақ Бас хатшысы К.У.Черненко да болды.<ref>КР ҮКК мүрагаты, 11-к., №112 мүрагат, 19-п.</ref>.

1931 жылғы күзде Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарында республиканың ішкі аудандарынан көшкен үш мыңнан астам шаруашылық шоғырланып қалды. Ә. Жангелдин басқарған КАКСР үкіметтік комиссиясының күшімен шаруашылықтардың бір бөлігі бұрынғы тұрған жерлеріне қайтарылды. Алайда 1931 жылдың аяғына қарай жаппай ашаршылыққа ұшыраган аудандардың халкы республикадан тыс жерлерге ауды. Оларды енді ешкім тоқтата алмастай еді. Нәтижесінде Өзбекстанмен, Қырғызстан және Ресеймен шекаралас аудандарда тірі қалу үмітімен босқындар саны мың-мындап саналды.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы.

ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3

Дереккөздер

<references/>