19-20 ғасырларда Қарағанды облысының аумағын қоныстандыру тарихы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:12, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Орталық Қазақстанның этникалық құрылымының құрылуы мен дамуының тарихы ұзақ. Өлкені қоныстандыру әртүрлі уақыттарда және түрліше жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағында адам баласы ежелгі кезеңнен өмір сүргені белгілі, бірақ, өлкені қоныстандыру және игеру үдерісі XX ғасырға дейін созылды.

Бұл кезең Қазақстан аумағында өз позициясын нығайту мақсатында күрес жүргізген Ресей империясының аймақта өз қызметін жандандыруымен сипатталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазіргі Қарағанды облысының аумағы Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы округтерінің құрамына кірді. Өз әсерінің күшін нығайту және өлкені игеруге қажетті жағдай жасау үшін патша үкіметі шекара бойына нығайтылған шептер ұйымдастырды. Осы шептер бойында сібір казактары мекендеген Қарқаралы (1824 ж.), Ұлытау (1841 ж.), Ақтау (1837 ж.) және тағы да басқа осылар сияқты алғашқы елді мекен-станицалар пайда болды.

Орта жүздің ірі руларының бірі арғындардың негізгі бұқарасы Орталық Қазақстанда шоғырланғаны белгілі. Деректік мәліметтер бойынша олардың саны уездер бойынша келесідегідей болған: Қарқаралы уезінде – 87 381 шаруашылық, Ақмолада- шамамен 100 мың, Атбасарда – 32 207 болған. Бұнымен қоса осы жерлерде найман руынан шыққан қазақтар да көшіп-қонып жүрген. Атбасар уезінде олар 38 375 шаруашылық болды.

1832 ж. Ақмола уезі, 1839 ж. Атбасар уезі шаруалардың қоныстануы үшін ашық болды. Бірақ Орталық Қазақстанның кең байтақ кеңістігі және оның табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығына бейім болды. Сондықтан басқа аймақтарға қарағанда бұл жерлерде шаруаларды отарлау үдерісі баяу жүрді. Шаруалардың алғашқы елді мекені аймақтың солтүстігіндегі шұрайлы қара топырақты жерлер Нұра өзені алабында пайда болды. Бұл жерлерде жауын-шашынның жеткілікті түсуіне байланысты суарусыз жер өңдеумен айналысуға мүмкіндік болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Орынбор генерал-губернаторлығы далалық облыстарын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Орталық Қазақстан аумағы Ақмола облысының Ақмола, Атбасар уездерінің кейбір болыстарының және Семей облысының Қарқаралы уезінің барлық болыстарының құрамына кірді. Қарқаралы уезі Қызылтау, Кент, Абраин, Ақбота, Сартау, Нұра, Тоқырауын, Борлы, Едірей, Ақсары, Темірші, Дегелең, Қуу, Қотанбұлақ, Батыс-Балқаш, Мойынты және Шұбартау сияқты болыстардан тұрды. Бұл уезде 1897 ж. 104 569 қазақ болды. Уезде 181 старшындық болды және олардың құрамында 30 528 шаруашылық тіркелді. Орталық Қазақстанға жататын Ақмола уезінің құрамына Қараағаш, Қорғалжын, Сарыөзен, Нілді, Саран, Ақтау, Атасу, Шерубай-Нұра, Ортау, Спасск, Нұра, Мұңғылық және Қызылтопырақ болыстары енді. Осы аумақта негізінен арғын тайпасының қуандық рулары және одан тарайтын алтай, қарпық, борышы, темеш рулары қоныстанды. Атбасар уезінің Сарысу және Кеңгір болыстарында негізгі халқын арғын және найман тайпаларының қазақтары құрады.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Ресей империясындағы күрделі ішкі саяси жағдайға (крепостниктік құқықтың жойылуы және орталық қаратопырақты аудандарда жер жетіспеушілік) байланысты осы аудандардан Азиялық Ресей (Сібір, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан) аумақтарына қоныс аудару үдерісі жүреді. Осы жылдары отарлаудың шаруалық кезеңі басталады (Галузо П.Г. 1965). Ол Ресей үкіметі саясатының тұрақсыздануымен сипатталады. Шаруалардың бас бостандығын беріп, 1861 жылғы реформадан кейін аграрлық мәселелерді шешуді талап еткен 70-80 жылдардағы екінші революциялық жағдай пісіп-жетіліп келе жатқан болатын. Император Александр ІІІ үкіметі шаруалар қауымына сенім артты және олар бұдан революцияға кедергіні көрді. 1890 жылғы 8 маусымдағы және 1893 жылғы 14 желтоқсандағы заңдар шаруаларды қауымнан шығуына тиым салды және осы қауымдардың нығаюына жәрдемдесті. Сонда да шаруалардың өз бетінше қоныстануы жыл сайын өсе берді.

ХІХ ғасырдың аяғы –XX ғасырдың басында қоныстандыруға қатысты мемлекет саясаты қайта қаралады. XX ғасырдың басында үкімет бұрынғы қауымды қорғау саясатынан бас тартуға мәжбүр болды және 1907 жылдан бастап Столыпиндік аграрлық реформаларды жүргізуімен белгілі болған қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі басталады. Бұл реформаның мәні қауымды бұзып, жер жетіспеушіліктің өткірлік мәселесін әлсіздендіру үшін шаруалардың көпшілігін империяның шеткі аудандарына қоныстандыру болды. Бұдан басқа Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатының өзге жақтарын мынадан көруге болады: «теперь, когда образование государственной территории нашего отечества завершается, и внешние границы его окончательно определяются естественными пределами, это народное движение укладывается в русло того течения, которое технически именуется переселением на свободные казенные земли и имеет своими прямыми последствиями постепенное освоение раннее пустынных пространств и окончательное их мирное завоевание окраин – их прочную колонизацию» .

XX ғасырдың басында кеңінен дамыған қоныстандыру саясаты Ресей үкіметінен қосымша іс-шараларды талап етті. Бұл шаралардың арасында Сібір темір жолдары Комитеті мен Қоныстандыру Басқарамасын құру бар болатын. Бұдан басқа қоныстандыру жер қорын құру, аймақтарды статистикалық-экономикалық бақылауды жүргізу, қоныстандырушыларға жолда және келген жерлерінде көмек көрсетудің шаралары қабылданды. Н.Е. Бекмаханованың мәліметтері бойынша 70-ші жылдардан 1916 жылға дейін Қазақстанға барлығы 1,629 мың адам қоныстанған.

Бірақ, ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы шаруалардың жаппай қоныстануына қарамастан Орталық Қазақстанның аумағы ұзақ уақыт аз қоныстанған, бірұлтты өлке болып қала берді. Негізінен қоныстанушылар аймақтың шығыс бөлігін Қарқаралы уезін игерген болатын. Жер өңдеумен айналысқан қоныстанушыларды бұл елді мекендер қызықтырмады. Табиғи-климаттық жағдайлар өлкеде тек көшпелі қазақтардың ғана емес, сонымен қатар отырықшы тұрғындардың кейбір бөлігінің негізгі кәсібі және тіршілік көзі болған мал шаруашылығының дамуына себеп болды.

В.В. Козинаның есептеуінше, 1897 жылы Ресей империясында жүргізілген Бірінші Жалпыхалықтық санаққа сәйкес Орталық Қазақстан халқының саны 310 297 адамды құрады. Негізгі тұрғындар қазақтар, олардың үлес салмағы 93 % болды; орыстардың үлесі шамалы -0,5%; татар, мордвалар, поляктардың пайызы тиісінше одан аз болды -0,1%; 0,01%; 0,003% .

Қазақстан жеріне орыс, неміс, украин шаруаларын қоныс аудару Ресейдегі Столыпин реформасынан кейін кеңінен қүлаш үрды. Ақмола, Торғай, Орал, Семей облыстары бойынша 1906 жылы 25 100 шаруалар (ерлер) келсе, 1909 жылы 87 711 адам келді. 1906-1912 жылдар арасында осы төрт облыс жеріне 438 072 адам келіп орналасты. 1383 учаскелер үйымдастырылып, 9 114 707 десятина жер бөлініп берілді.

Қазіргі Қарағанды облысының аймағы ол кезде Ақмола мен Семей облыстарының қарамағына кірген. Бұл аймақтан 251 779 десятина жер алынып, 10 940 адамы (ерлер) бар 24 қоныс аудару учаскелері үйымдастырылды. Осы кезде Қарқаралы уезінің Қу болысында - 1509 қазақ шаруашылығы, Ақтөбе болысында - 1135, Едірей болсында -1881, Темірші болысында - 1854 қазақ шаруашылықтары болған еді. Патша өкіметінің отаршылық саясаты осы аталған қазақ шаруашылықтарын қыспаққа алып, отырған мекендерінен ығыстыра бастады.

Патша өкіметінің мақсаты қазақ жерінің шүрайлы, қүнарлы алқаптарын отарлауға байланысты болды. Сол себептен орыс шаруаларын Орталық Қазақстанның Есіл, Нүра, Ертіс өзендерінің бойына, суы мол көлді аймақтарға орналастырып отырды. Патша өкіметінің отарлау саясаты осы алқаптағы қазақ шаруаларын ыдыратып, ығыстыру болды.

1907-1912 жылдары Нұра өзенінің бойына Саратов, Самара, тағы басқа губерниялардан немістердің 13 поселкесі құрылды. Ал қазіргі Нұра, Осакаров, Бұқар жырау аудандарының аймақтарына 30-40 орыс шаруаларының поселкелері орналасты.

Мысалы: Киевка поселкесі - Нұра ауданының әкімшілік орталығы, облыстың ежелгі және ерекше елді мекені. Поселокты 1898 жылы Украинадағы Киев губерниясынан келген қоныстанушылар құрған; Вольское село - 1913 жылы Самар губерниясы, Вольск уезінен келушілер: Дубовка село - Дубовка губерниясынан, Новая Узенка - село, Саратов губерниясы, Узенка селосынан келушілер және т.б. жерлерді көшіп келушілер бұрынғы қоныстарының аттарын жаңа мекенге қойып отырған.<ref>Қарқаралы уезіне жер аударылғандар // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 356 б.</ref><ref>Шаймұқанова Р. Екінші отаны - Қазақстан немесе Қазақстнаға зорлықпен қоныс аударған халықтар тарихынан // Орталық Қазақстан.- 1998.- 18 қараша.</ref>

Қарағанды көмір кенішіне алғаш рет күрек салынуы өткен ғасырдың орта тұсында басталғаны тарихтан белгілі. Патша өкіметі көмір және мыс кен орындарына иелік ететін орыс көпестеріне 1857 жылы қазақ даласында жергілікті тас көмірді пайдалану арқылы мыс қорыту өндірісін ұйымдастыруға рұқсат береді. Осыған байланысты Қарағанды көмірін өндіру қолға алынады. Бұл жұмыс ол кезде өте қарапайым әдіспен тым баяу жүргізілген еді. XX ғасырдың бас кезінде мұнда көмір қазумен айналысқан жұмысшылардың 200-дей ғана болғаны соның дәлелі.

Алайда, Қарағандының айналысына тұрғын халықтың қоныстануы барған сайын молая түскен. Мұнда 1907 жылдың қарсаңында Үлкен Михайловка, Дубовка, Новоузенка, Волынка, Тихоновка деп аталған поселекелер пайда болған. Әуелі көпестер, одан кейін шетел концессионерлері сол поселкелерде тұратын халықтың арасынан тым төмен енбек ақыға шахтаға жүмысшылар жалдап отырған.

Орталық Ресейден Қазақстанға шаруалар, әсіресе XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қауырт көше бастады. 1896 жылы Ақмола және Семей облыстары жеріне көшіп келген шаруалардың 43 болысы құралды, саны 150 мың адамға жетті.

Көші-қон үдерістері аймақ тұрғындарының этникалық құрылымын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Аз уақыт ішінде Орталық Қазақстан аз қоныстанған және моноэтникалық өлкеден полиэтникалық өлкеге айналды.<ref>Әбдәкімүлы Ә. Қазақстанның Ресейге қосылу жайы // Қазақстан тарихы.- Алматы, 1997.- 110-123 б.</ref><ref>Жартыбаев А. Орыс тілінен енген атаулар // Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары.- Қарағанды, 1998.- 61-68 б.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}