18 ғасырдың ортасындағы Қазақстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:10, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан - Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақтардағы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша укіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ұшықтыра тусуге көшті.

Қазақ-башқұрт қарым-қатынасы

Үлгі:Main


Жаңаесіл шекара шебінің салынуы

XVIII ғасырдың 50-жылдарында жалпы ұзындығы 930 шақырым келетін Ертіс шекаралық шебінің (Омбы, Железинская, Жәмішев, Семей және Өскемен бекіністерінің) құрылысы аяқталған еді. Тап осы кезде Өскемен бекінісінен Кузнецк бекінісіне дейін 723 шақырымға созылатын Колывановская шекара шебінің құрылысы да салына бастаған болатын.

Патша үкіметі қазақ-жоңғар шапқыншылығын пайдалана отырып, қазақ жерлерін ашықтан-ашық одан әрі жаулап алу әрекетіне кірісіп кетті. 17521755 жылдары Орта жүз қазақтары жерінің солтүстік аймағында Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер мен ұсақ-түйек дала бекіністерінің құрылысы жүріп жатты. Ол Үй шекара шебін Ертіс шекара шебімен жалғастырды.

Оның бойында Звериноголовская, Покровская, Николаевская, Лебяжі, Полуденная, Петропавл, Пресновская және Кабанья сияқты бекіністер салынды. Оның жалпы ұзындығы шамамен 540 шақырым болды. Оған едәуір көп әскер күші шоғырландырылды. Бұрынғы доға тәріздес Ескіесіл шекара шебі енді «тігінен түзетіліп», қазақтардың көшіп-қонып жүретін жерінің ішіне қарай 250 шақырым кіріп кетті. Жеке шекаралық шеп «Ащы шеп» деген атауға ие болды. Өйткені оның бойында көптеген суы ащы тұзды көлдер бар еді.

Ескіесіл және Жаңаесіл аталған шекара шептерінің аралығында ежелден бері көшіп-қонып жүрген қазақтар одан күшпен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды.

Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Өйткені ол жерлер жаңадан белгіленген шекаралық шептің «ішкі жағында» қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кетті.

Бүл оқиғалар XIX ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н. Петропавловскийдің еңбегінде жеткілікті дәрежеде жан-жақты суреттелген: Үлгі:Cquote.

Жаңа шекара шебі жаңадан басып алынған жерлерді оның күні кешегі заңды иелерінен, яғни казақтардан қорғау үшін патша үкіметіне қызмет етті. Бір жағынан, жоңғарлармен, екінші жағынан, башқұрттармен жанталаса күрес жүргізген қазақтардың патша үкіметінің жерді тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қатты қарсылық көрсетуге мұршасы келмеді.

Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі

Жаңаесіл шекара шебінің құрылысы аяқталғаннан кейін қазақтардың шекарадан ішкі жаққа өтуіне бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салынды.

Жоңғарлар талқандалғаннан кейін қазақ сұлтандары мен старшындары Ертіс өзенінің оң жақ жағалауына көшіп бару үшін белсене әрекет етіп бакты. Алайда жергілікті аймақтың өкімет билігі тарапынан ашықтан-ашық қатты қарсылыққа душар болды, 1755 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтарының Ертістін оң жақ жағалауына өтуіне қатаң тыйым салды. Одан соң қазақтардың бекініске 10 шақырымға дейін жақындауына да рұқсат етілмеді.

1765 жылы Сібір шекара шебінің командашысы генерал-поручик И. Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді. Сондай-ақ қазақтардың Ресей әскери бекіністеріне 30 шақырымнан жақын баруына тыйым салынды. Қазақтардың Ертістің оң жақ бетіне өз бетінше өтуінің қандай түрі болса да әскери күш қолдана отырып, қайтадан еріксіз қуып жіберуімен аяқталатын.

Тек 1771 жылы ғана қазақ хандары мен сұлтандарының қайта-қайта өтініп сұрауы бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді. Соның өзінде де тек қысқы мезгілде уақытша мерзім негізінде көшіп баруына рұқсат алды. Қазақтар аманат беріп тұруға міндетті болды. Ертістің оң жақ жағалауына тек «сенімді деген далалықтардың» өтуіне рұқсат етілді.<ref>Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-hist-stub