Ө (кирил)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2015 ж. қарашаның 29 кезіндегі Dinkaz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Ө, ө — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Жіңішке, еріндік, ашық дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. Сөз басында және оңаша айтылғанда алдынан жіңішке "у" тәріздес қосалқы дыбыс пайда болады, сондықтан ол дифтонгоид дауыстылардың тобына жатады. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Ал, "көген", "әнер" тәрізді сөздердің айтылуында "көгөн", "өнөр" болып дыбысталғанымен, екінші буында "е" әрпі жазылады <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Басқа тілдердің әліпбилерінде қолдануы

Әліпби IPA
қазақ әліпбиі 21 œ~ø
татар әліпбиі 20 œ~ø
башқұрт әліпбиі 21 œ~ø
қырғыз әліпбиі 18 œ~ø
якут әліпбиі 21 œ~ø
тува әліпбиі 18 œ~ø
тофалар әліпбиі 22 œ~ø
түркмен әліпбиі 19 œ~ø
әзірбайжан әліпбиі 20 œ~ø
қарақалпақ әліпбиі 21 œ~ø
қалмық әліпбиі 21 œ~ø
монғол әліпбиі 17 ɞ
бурят әліпбиі 17 ɞː
кета әліпбиі 20 o
эвенк әліпбиі 18 o~ʊ

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons