Өсімдікті оюлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ою – өрнектерді құрастыру үшін шеберлер өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін қолданған.Осындай өрнектер барлық әлем халықтарының мәдениетінде көп кездеседі . Өсімдікті оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында  лайықты орын алады.Олар-жапырақтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бітеугүлдер және гүлдер.Мысалы , гүлдердің  барлық  түрінің символы – “гүл” ою – өрнегі . 
   Шебер әйелдер киім – кешектерді  әшекейлеуде өсімдікті  өрнектерді жиі қолданған . 
   Күрделі композиция кұрайтын ою – өрнектердің бір түрі – “табақ”.Оның жиегі “су” ою – өрнегімен әшекейленген . Ал ортасына гүлдер , жапырақтар ,шырмауықтар орналыстырылған.“Табақ” оюы ас үй жиһаздары мен тұскиіздерді , аяққаптар ( ыдыс – аяққа арналған уық пен керегеге ілінетін киізден жасалған дорба )мен дастарқандарды әшекейлеуде  пайдаланылады .
   Кілемдер,текеметтер,алашалар өсімдікті ою – өрнекке өте бай.Кейде аралас өрнектерге ие  бұйымдар да кездеседі . Оның көрнекті үлгісі– киіз үй.Киіз үй іші ерекше құлшыныспен жасалған.Ою – өрнекпен әшекейленген жиһаз , ыдыс – аяқ , шиден жасалған өрнекті тоқыма , кесте бұйымдар , тұскиіздер киіз үйдің ішін жайнатып жібереді . Бұл өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді .