Өнертану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өнертану - көркем мәдениетті және өнердің әр саласын жеке-жеке қарастыратын қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнердің пайда болуын, өркендеу-қалыптасу сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениетпен және басқа да құбылыстармен арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың мазмұны мен түр мәселелерін анықтайды.

Өнертанудың ғылымдары

Музыкатану, театртану, кинотану, әдебиеттану, т.б. Өнертануға жатады. Өнертану ғылымы мұнымен бірге көркем өнердің кеңістіктік және пластикалық түрлерін (архитектура, кескіндеме, мүсін, графика, сән және қолданбалы өнер) де талдайды. Өнертану ғылымдары бірімен-бірі тығыз байланыста тұратын үш саланы (өнер теориясы, өнер тарихы және көркем сын) қамтиды.

Өнертанудың тарихы

Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып, қоғамның пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-филос. көзқарастарды қорытып, әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық мазмұны, танымдық мәні, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі, т.б. мәселелерді өзара байланысты күйінде алып зерттейді. Көркем сын заманауи көркем өнер құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын, өнер шеберлерінің шығармалары мен туындыларын талдайды әрі бағалайды. Өнер сыны, тарихы, теориясы бір-бірімен және эстетикамен тығыз байланысты болып табылады. Қазба жұмыстарын жүргізу және экспедлар шығару арқылы қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, ескерткіштерді анықтау, оларды тіркеу және жүйеге түсіру, суреткер мен шығармалар жөнінде мәліметтер жинау, мұражайлық және көркемдік ғыл. каталогтар, өмірбаяндық, т.б. анықтамалар жасау, суреткердің әдеби мұраларын, естеліктерін, хаттары мен мақалаларын бастырып шығару сияқты жұмыстар Өнертану ғылымының ғылымының өрісін кеңейте түседі. Ортағасырлық Еуропада өнер теориясы теологиялық көзқарастың бір бөлігіне айналды. Өнертану ілімінің дербес ғыл. ретінде қалыптасуы Қайта өркендеу дәуірімен тығыз байланысты. Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау шегінде Леонардо да Винчи кескіндеме және оның ғыл. негіздері мен мүмкіндіктері туралы терең ой-пікірлер айтты. Венецияда П.Аретино суреткерлер мен көрермендерге көркем сынның көшбасшысы есебінде танылды.

  • 17 ғ-да Еуропада өнер мәселелеріне арналған әдебиеттер көптеп шығып, кең көлемде тарай бастады.
  • 18 ғ-дағы Ағартушылық дәуірінде Өнертану өзінің негізгі үш саласы бойынша дербес ғылымының есебінде біртіндеп қалыптасып, философия және тарихи негізделді. Өнертану19 ғасырда өз алдына ғылым болып қалыптасты.

Өнертанудың дамуы

Оның дамуында Ұлы француз революциясы, И.Кант, Ф.В.Шеллинг, ағайынды А. және Ф.Шлегельдер, әсіресе, Г.Гегельдің эстетик. тұжырымдары елеулі рөл атқарды. Археол. зерттеулердің кең құлаш жаюы, өнердің дамуы жөніндегі аса құнды деректердің молынан жиналуы, көптеген көркемөнер мұражайларының ашылуы кәсіби өнер ғылымы тарихының тез қалыптасуына қолайлы жағдай жасады. Қазақ топырағынан шыққан данышпан ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегі дүниежүз. музыкатану іліміндегі бұрын-соңды жазылған озық туындылардың бірінен саналады. Ш.Ш.Уәлиханов еңбектерінде Қазақстан аумағындағы кейбір балбалдар мен кемпіртастар және таңбалы тастар жөніндегі келелі пікірлер кездеседі. Қазақ Өнертану ғылымы, оның ішінде әдебиеттану ғылымының алғашқы белгілері 20 ғ-дың басында көрініс берді.

  • Қазақтың ежелгі мәдениеті мен өнерін (Ә.Марғұлан, Н.Нұрмұхамедов)
  • Сәулет өнері тарихын (Т.Бәсенов, Марғұлан, М.Меңдіқұлов),
  • Бейнелеу (И.А.Рыбакова, Г.Сарықұлова, Р.Ерғалиева),
  • Ұлттық музыка (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, А.Жұбанов, З.Қоспақов, Ж.Рсалдин, т.б.)
  • Театр өнерін (М.Әуезов, О.Беков, Ж.Шанин, Жансүгіров, Қ.Мұқамеджанов, К.Нұрпейісов) жан-жақты зерттеу кеңес дәуірінде қалыптасты.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Art-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}