Өмірәлі Пашалиұлы Варшакидзе
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:DӨмірәлі Пашалиұлы Варшакидзе - 1957 жылы 18 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Благовещенка ауылында туған. Түрік.
Әкесі - Варшакидзе Пашали. Анасы - Варшакидзе Зухра.
А.Н. Скрябин атындағы Қырғыз ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген (1982), ғалым-агроном. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1975 жылдың қыркүйегінен - Жамбыл облысы Қордай ауданы Көкқайнар кеңшарының жұмысшысы. 1975 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1978 жылдан - А.Н. Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылық институтының студенті. 1982 жылдан - Қырғыз КСР Ыстық-Ата ауданының «Октябрьге 40 жыл» ұжымшарының бас агрономы. 1988 жылдан - Қырғыз КСР Ыстық-Ата ауданының «9 мамыр» ұжымшары басқармасының төрағасы. 1998 жылдан бері - «Қайнар» АҚ (қазір - «Благовещенка» ЖШС) президенті.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тамаша болашақ».
Хоббиі - кітаптар, спорт, аңшылық.
Сүйіп оқитын әдебиеті - агрономия, тарих бойынша әдебиет; А.С. Пушкин.
Үйленген. Жұбайы - Варшакидзе Гүлжамал (1961 ж. т.), үй шаруасымен айналысады. Балалары - Сейда (1986 ж. т.), Сибеля (1990 ж. т.), Сусана (1996 ж. т.), Фаих (1997 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub