Өмірзақ Қалбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:37, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Өмірзақ Қалбаев (1926 жылы туған, Қарақалпақстандағы Шоманай ауданы Құмжыққан өңірі) – ақын, шежіреші. Қалбаев өз өмірінде әр түрлі жұмыспен (есепші, бөлім меңгерушісі, май таратушы, т.б.) айналысқан. Жасынан Абыл, Қалнияз, Өгізбай, Нұрым жырларын, ел ішіне тараған аңыз-хикаялар мен шешендік сөздерді, тарихи оқиғаларды естіп, көңіліне тоқып өсті. Сондықтан да оның шығармалары екі салада: бірі өлең, толғаулар мен дастандар, екіншісі тарихи, әдеби және шежірелік мақалалар түрінде өріс алды. Басты шығармалары: «Алаңқай батыр», «Ер Қосай», «Омар мен Гүлнәр», «Қазақ Сауран айналғанда», «Білімдар» (Оразмұхамед), «Тобанияз» сияқты жыр-дастандары; «Шалқыған Қазақстаным», «Өсиет сөздер», «Адай шежіресі», «Қарақалпақ шежіресі», «Шежірелер шырғалаңы», «Ер Қосай ата мазары», «Қалнияз ақын – жорық жыршысы» сияқты тарихи-әдеби мақалалары. Ол Қалнияз ақынның өмірі мен шығармаларын жинау және насихаттау жұмысымен айналысты; Ер Қосай мазарын тауып, елді ұйымдастыру арқылы оның басына сәулетті кесене орнатуға зор еңбек сіңірді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өмірзақ Қалбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}