Өмірбек Байділдаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Өмірбек Байділдаев (10 мамыр 1932, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы – 6 желтоқсан 1997, Алматы) – сазгер. Қазақстан журналистер одағының (1965), Қазақстан композиторлар одағының (1971) мүшесі.

Өмірбаяны

  • Құрманғазы атындағы Консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген (1952).
  • Студент кезінде Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде домбырашы, Ә.Қашаубаев атындағы музыкалық училищеде мұғалім болып жұмыс істеді.
  • 1957 – 65 жылдары радио және теледидар комитетінде жауапты редактор, бас редактор
  • 1965 – 67 жылдары Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы студиясында аға музыкалық редактор
  • 1967 – 97 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтында музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.

Шығармашылығы

Ол 70-ке жуық лирикалық әндер мен 80-ге жуық жас өспірімдерге арналған әндер, хорлар, көптеген симфоникалық шығармалар жазды. Сондай-ақ, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеумен айналысты. Қазақ радиосы мен телеарнасына 100-ден астам «Алтын қорға» жазылған музыкалық хабар ұйымдастырды. Олардың ішінде «Әсемдік әлеміне саяхат», «Камертон», «Музыка әлемінде» деген хабарларды ерекше атап көрсетуге болады. Байділдаев жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру бағытында да көп еңбек сіңірді. Мектеп оқушыларына арнап тұңғыш рет музыкалық пәнінен оқулықтар жазды. Оның әндері

  • «Туған ел»
  • «Қимаймын сені»
  • «Қазақстан таңы»
  • «Жаным, сәулем, еркешім»
  • «Назико»
  • Айнагүл»
  • «Алтын дән» халықтың сүйіспеншілігіне ие болды.

«Қазақстан музыкасы», «Қазақтың аспаптық музыкасы» деп аталатын күйтабақтар шығарды.

Кітаптары:

  • Туған ел, А., 1965;
  • Бөбектер жыры, А., 1966;
  • Ән-музыка сабағы, А., 1970;
  • Қанатты өнер, А., 1973;
  • Қимаймын сені, А., 1977;
  • Музыка сабағы, А., 1988;
  • Композитор Мұқан Төлебаев, А., 1995.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}