Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:46, 2015 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Ulan (Талқылауы) істеген түзету

Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (Үлгі:Lang-fr) — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.

SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.

Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделінеді: ұзындық, жол және орын ауыстыру үшін — метр, масса үшін — килограмм, уақыт үшін — секунд.


Бірліктердің Халықаралық Жүйесі (SІ; СИ) — Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан басталды (ГОСТ 9867 — 61), ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, амперэлектрлік және магниттік, кельвинжылулық, канделажарық, мольмолекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.

Халықаралық бірлік жүйесі (International Sistem Units) — 1960 жылы Парижде өткен мөлшер мен салмақ туралы XI Генералдық конференцияда барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып, қабылдаған физикалық шамалардың әмбебап бірлік жүйесі. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>


Кесте 1 — SI негізгі бірліктері<ref name=sp330>Үлгі:Cite book</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Атауы Халықаралық
белгілеуі
Өлшемі
метр m ұзындық
килограм kg масса
секунд s уақыт
ампер A ток күші
келвин K термодинамикалық температура
моль mol зат мөлшері
кандела cd жарық қарқыны

Метр, килограм, секунд бірі-бірімен үйлестіріліп қолдануы мүмкін. Бұл әртүрлі өлшемдер жасайды. Мысалы, көлем, қуат, қысым, жылдамдық дегендер үшін.

Кей уақытта үлкендеу мен кішілеу өлшеу мағыналарын айтқанда, өлшем атаулары алдына арнайы префикс қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграм — 1/1000 грам бөлшегі. Осы арнайы префикстер үшін төменгі кестені қараңыз.

Кесте 2 — SI префикстері
Атауы йотта- зетта- екса- пета- тера- гига- мега- кило- һекто- дека-
Халықаралық
белгілеуі
Y Z E P T G M k h da
Еселігі 1024 1021 1018 1015 1012 109 106 103 102 101
Атауы деси- сенти- милли- микро- нано- пико- фемто- атто- зепто- йокто-
Халықаралық
белгілеуі
d c m µ n p f a z y
Еселігі 10−1 10−2 10−3 10−6 10−9 10−12 10−15 10−18 10−21 10−24

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}