Өлмесхан Болатбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:36, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Өлмесхан Болатбеков (11.6.1960. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылы)журналист, қоғам қайраткері<ref>"Қазақ телевизисы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. ҚазМУ-ді бітірген (1983). Еңбек жолын Жаңақорған ауданы су шаруашылығы басқармасының слесарі қызметінен бастаған.

1983-98 жылдары Жаңақорған аудандық "Коммунизм жолы" газетінің әдеби қызметкері, Жаңақорған ауданы комсомол комитетінің II хатшысы, партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ауданы "Білім" қоғамының жауапты хатшысы, Жаңақорған ауданы кеңесінің аппарат басшысы, ауданы киноландыру жүйесінің директоры, баспахана директоры, "Жаңақорған тынысы" газетінің редакторы.

1998 жылы шілде-караша айларында облыс әкімінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, 1998-2004 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2004-2006 жылдары "Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру" өңірлік орталығының басшысы қызметтерінде болды.

2006 жылдың қыркүйегінен "Hұp Отан" ХДП Қызылорда облысы филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, Сыбайлас жемкорлыққа қарсы курес жөніндегі облысы Кеңес төрағасы.

2009 жылы "Hұp Отан" Халықтық Демократиялық партиясының 10 жылдық мерейтойына арналған ""Hұp Отан"елдің тұғыры" және қазақ ауылының өсіп-өркендеуі, ауылға перзенттік парыз бағытындағы "Жусанды даланың жұпар иісі" кітаптарының авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}