Әулие Ата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Әулие ата» Сатұқ Бұғра Қарахан, толық аты-жөні Сатұқ Бұғра Абд әл-Кәрім ибн Базыр (шамамен 908955/56) — қолбасшы, Қарахан хандығының негізін қалаушы.

Жамал Қаршидың айтуынша, әкесінен ерте жетім қалған. Балалық шағын әкесінің інісі Оғұлшақ Қадырханның қолында, Қашқарда өткізеді. Аңыз бойынша, Сатұқ Қараханның түсіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шашты кісі еніп, оған түркі тілінде: “Ислам дінін қабылда! Сен бұл дүниеде және бұдан кейінгі дүниеде мұратыңа жетесің” дейді. Сатұқ ислам дінін қабылдауға ниет етеді. Сатұқ Бұғра Қарахан діни уағыз бен қылышқа қатар сүйене отырып, ағасы Оғұлшақ Қадырханды тақтан тайдырады да, Қашқардан Сырға дейінгі халықты өзіне қаратып, мұсылман дініне енгізеді. Кезінде әкесі билік құрған Қарлұқ қағандығының орталығы Баласағұнды бағындырады (942). Содан бастап Қарлұқ қағандығы жойылып, оның орнына Қарахан хандығы орнайды. Сатұқ Бұғра Қарахан Артұшта (Қашқария) жерленген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub