Әулиеата Уездік Ұлттық Кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

05:08, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ӘУЛИЕАТА УЕЗДІК ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІ – 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін уездегі қазақ халқының мүддесін қорғап, саяси белсенділігін арттыру мақсатында құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Ұйымның төрағасы Ә.Кенесарин болды. Ұйым мүшелері 1916 ж. көтеріліс салдарынан Қытай ауып кеткен босқындардың өз атамекеніне оралуына көмек ұйымдастырып, ұлтаралық қатынастарды реттеуде елеулі еңбек етті. Ел тағдырын шешу міндеті жүктелген Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына жергілікті халықты әзірлеуде белсенділік танытты. Ұйым мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде Әулиеата уезінен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына, Ә. Кенесарин, Б.Тастанбеков, Ғ.Шолпанқұлов, Қ.Әділбеков, Р.Әбдірайымов ұсынылатын болып белгіленді. 1917 ж. желтоқсанда Ә. А. у. Ұ. к-нің ұйымдастырумен Әулиеата уезі қазақтарының съезі болып өтті. Онда ұйым мүшелері азық-түліктің уездегі халықтар арасында дұрыс бөлінуін көтеріп, қазақтар үшін өз алдына бөлек азық-түлік к-тін құру керектігін алға тартты. Сөйтіп, Түркістан өлкесін жайлаған аштықтан уез қазақтарын құтқару жолында еңбектенді. Түркістан (Қоқан) автономиясына қолдаушылық білдірді. Уезде кеңестік биліктің орнығуына наразылық танытты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ә. А. У. Ұ. К. таратылды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}