Әуесқойлар киносы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

05:06, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Әуесқойлар киносы - көркемөнерпаздықтың бір түрі.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Әуесқойлар киносы кино өнерімен бірге дүниеге келдген. Ағайынды Люмьерлердің ең алғашқы фильмдері ("Поездің келуі" және "Сәбидің тамақ ішуі") осы өнер туындысы болған. КСРО-да Әуесқойлар киносы Кеңес киносы достарының қоғамы (1925) құрылғаннан кейін пайда болады. Көптеген қалаларда, соның ішінде Алматыда, Қызылордада кино үйірмелері жұмыс істей бастаған.

1957 жылы КСРО Кинематографистер Одағының жанынан киноәуескойлармен жұмыс істейтін Бүкілодақтық комиссия құрылады. Бұл комиссия киноталапкерлерінің фильмдерін насихаттап, олардың байқау-конкурстарын ұйымдастырып, киноталапкерлері үшін семинар-кеңестер өткізу ісімен айналысқан. Киноталапкерлерінің киностудиялары мәдениет үйлері мен сарайларының, пионерлер үйлерінің жанынан, сондай-ақ жоғары оқу орындарында ашылады. КСРО-да Әуесқойлар киносын кәсіподақ ұйымдары өз қамқорлығына алған. Әуесқойлар киносы кино өнерінің барлық жанрын қамтиды. Әуескойлар көркем, деректі, ғылфми-көпшілік, спорттық фильмдер түсірген, сөйтіп, кеңес адамдарының рухани жағынан жан-жақты өсіп-жетілуіне ықпал еткен.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}