Әуелбек Қоңыратбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:58, 2016 ж. наурыздың 4 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) - түрколог, филология ғылыми докторы профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. «XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы», «Қазақтың «Қозы-Көрпеш-Баянсұлу» жыры туралы», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 1972, 28 қаңтар), «Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны» (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай» еңбектерінде Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына түсініктер жариялады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Шығармалары

  • Қазақтың лироэпостық жырлары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», А., Қазақ КСР ҒА, 1948;
  • Қазақ совет әдебиетінің очеркі. А., Қазақ КСР ҒА, 1949;
  • Шолпанның ақындығы А., ҚМКӘБ, 1956;
  • Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы. А., ҚМКӘБ, 1956, 1959;
  • Жеті алып. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1959;
  • Сүр көжек. Әңгімелер жинағы. А., ҚМКӘБ, 1963;
  • Ғ.Мұратбаев - туралы естеліктер. А., ҚМКӘБ, 1948;
  • Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. А.,
  • «Учпедгиз», 1966;
  • Эпос және оның айтушылары. А., «Қазақстан», 1975;
  • Шеберлік сырлары. А., «Жазушы», 1979;
  • Әдеби оқу методикасы. А., «Мектеп», 1986.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әуелбек Қоңыратбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}