Әуебейнетүсірімдерді бажайлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

05:01, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Әуебейнетүсірімдерді бажайлау – жер бетінің аспаннан түсірілген бейнесуреттерін зерттеу нәтижесінде сол суреттегі өңірдің ерекшеліктерін анықтау тәсілі. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>

Бажайлау объектісі ретінде жекелеген бейнесуреттер, олардың ірі-ірі жүйелері және түрлі-түрлі ауқымды бейненұсқалар пайдаланылуы, ал бажайлау құралдары рөлін қарапайым стереокөзілдіріктерден бастап өте күрделі өлшем аспаптарына шейінгі аралықтағы түрлі-түрлі жабдықтар атқаруы ықтимал.

Әуебейнетүсірімдерді бажайлау барысында қосалқы белгілер маңызды роль атқарады. Мәселен, шөлді аудандардағы грунт суларының таралу алабы өсімдіктер әлемінің сонылығымен сипатталса, жер қыртысына тән жасырын жарылымдар сипаты өзен тораптарының өзіндік ерекшеліктері тұрғысынан анықталуы мүмкін.

Әуебейнетүсірімдерді бажайлау тәсілі әскери істерде, топография мен картографияда, геоморфология мен геологияда, инженерлік геология мен гидрогеологияда, пайдалы қазба кендерін іздестіруде, орман байлығын зерттеуде, топырақтануда, геоботаникада, тундралық жайлауларды бағалауда, теңіз жағалауларын зерттеуде т. с. с. халық шаруашылығы мен ғылымының өте маңызды салаларын тиімді түрде өркендетуде кеңінен қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}